«Мектеп бітірушілерге арналған бағыт-бағдар: бірге қолдайық»
«Мектеп бітірушілерге арналған бағыт-бағдар: бірге қолдайық» тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті. Жиын барысында түлектердің алдағы ҰБТ-ға дайындығы, кәсіби бағдар және жоғары оқу орнына түсу мүмкіндіктері жан-жақты талқыланды. Мұғалімдер мен ата-аналар оқушыларға психологиялық қолдау көрсету, оқу мотивациясын арттыру жолдары бойынша пікір алмасты. Кездесу өзара түсіністік пен бірлескен жауапкершілік негізінде өтті.