Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
"RoboMind-2025" робототехника байқауында жүлдегер атандық
16
май
2025
"RoboMind-2025" робототехника байқауында жүлдегер атандық
2025 жылдың 16 мамырында өткен «Алматы BALAFEST-2025»фестивалі аясында ұйымдастырылған “RoboMind-2025” робототехника байқауында лицейіміздің 7-8-сынып оқушылары FIRST LEGO League Challenge санатында бақ сынап, RoboMind-2025-те жүлделі 3-орын иеленді. “Robot Performance Award – 3rd place”номинациясына ие болды! Жетекшісі: Сәлмеке А. Бұл жеңіс — оқушыларымыздың техникалық сауаттылығы мен командалық жұмысының жарқын нәтижесі!Құттықтаймыз! Жаңа технологиялар әлемінде табыстарыңыз арта берсін!
І Жас зерттеушілер форумы – 2025 жеңімпаздары
16
май
2025
І Жас зерттеушілер форумы – 2025 жеңімпаздары
2025 жылдың 16 мамырында Алматы қаласында ҚР Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясының ұйымдастыруымен І Жас зерттеушілер форумы өтті. Форумға ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев, академиктер, жетекші жас ғалымдар мен еліміздің барлық өңірінен келген 400-ден астам дарынды оқушылар мен олардың ғылыми жетекшілері қатысты. Алматы қаласының атынан қатысқан 4 оқушы өз жобаларын сәтті қорғап, жүлделі орындарға ие болды. І дәрежелі диплом иегерлері –лицейімізлің 10”Е” сыныбының оқушылары -
“Өнегелі 15 минут” жобасына лицейдің 9-сынып оқушылары белсене қатысты
16
май
2025
“Өнегелі 15 минут” жобасына лицейдің 9-сынып оқушылары белсене қатысты
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру мақсатында ұйымдастырылған “Өнегелі 15 минут” жобасына лицейдің 9-сынып оқушылары белсене қатысты. Жоба аясында үзіліс уақытында оқушылар ұлттық рухты ұлықтап, күй өнерін насихаттау мақсатында домбыра шертті. Бұл бастама оқушылардың ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттырып, рухани-мәдени тәрбие беруде маңызды рөл атқарды. Домбыраның күмбірлеген үні мектеп дәлізінде ерекше атмосфера орнатып, тыңдаушылардың көңілінен шықты.
“Менің Қазақстаным” жобасы аясында оқушылар эссе жазды
16
май
2025
“Менің Қазақстаным” жобасы аясында оқушылар эссе жазды
"Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру мақсатында ұйымдастырылған "Менің Қазақстаным” жобасы аясында оқушылар эссе жазды. Эссе тақырыптары адамгершілік, әділдік, отансүйгіштік және жауапкершілік сияқты құндылықтарды қамтыды. Бұл жұмыс оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, ішкі дүниесін тануға және өз пікірін еркін жеткізуге мүмкіндік берді. Эссе жазу арқылы олар адалдықтың маңызын түсініп, шынайы азамат болудың жолдарын терең пайымдады.
"БУЛАНАЙ"  домбыра үйірмесінің оқушылары жүлдемен оралды
16
май
2025
"БУЛАНАЙ" домбыра үйірмесінің оқушылары жүлдемен оралды
№178 мамандандырылған лицейдің "БУЛАНАЙ" домбыра үйірмесінің оқушылары "Алматы БАЛА FEST-2025" байқауының "Аспаптық музыка" номинациясының қалалық кезеңіне қатысып 2-орын иеленді.
Адамзат денсаулығын сақтаудың басты шарты - дұрыс тамақтану
16
май
2025
Адамзат денсаулығын сақтаудың басты шарты - дұрыс тамақтану
Тамақтану адамның өмірлік қажеттігі және денсаулық кепілі. Ас-адамның арқауы, ағза дене жүктемесінде ғана емес, тыныштық жағдайында да шығындайтын қуат көзі. Ас ішу біздің жасушаларымыз бен тіндерімізді жаңартуға мүмкіндік береді. Дұрыс тамақтану жүрек-қантамыр, асқазан-ішек жолдары, қантдиабеті, остеопороз, онкологиялық аурулардың алдыналу үшін, сыртқы орта әсеріне қарсы тұру үшін, ағзаның жұмысқа қабілеттілігін арттыру үшін, белсенді ұзақ өмір сүру үшін қажет.Салауатты тамақтану және жоғары