Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за Апрель 2025 года » Страница 3
Кітап – дәуір айнасы
23
апрель
2025
Кітап – дәуір айнасы
23 сәуір – Халықаралық кітап және авторлық құқық күніне орай ауданаралық «Кітап – дәуір айнасы» атты ашық есік күні өтті. Аталмыш іс-шараның мақсаты – оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, рухани мәдениетті насихаттау. Кітап – адамзат ақыл-ойынан туған баға жетпес қазына, білім мен тәрбиенің қайнар көзі. Оқушылар мен мұғалімдер кітапханамен жақынырақ танысып, көрмелерді тамашалап, мазмұнды пікір алмасты. Осындай шаралар жас ұрпақтың кітапқа деген сүйіспеншілігін оятып, рухани
Лицейдің тамақтану сапасына мониторинг жүргізу комиссиясы бақылау
23
апрель
2025
Лицейдің тамақтану сапасына мониторинг жүргізу комиссиясы бақылау
Cәуір айының 23-күні №178 мамандандырылған лицейдің тамақтану сапасына мониторинг жүргізу комиссиясы тексеріс жүргізді. Лицейде оқушыларға берілетін тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілетін оқушылардың тамақтары талапқа сай берілетіндігіне, санитарлық талаптарға сай келетініне көз жеткізді. Асхана қызметкерлері барлық санитарлық талаптарды орындап, оқушылар үшін тиімді жұмыстарды атқаруда. Тексеру барысында ешқандай кемшіліктер болмады.
Лицейде "Ерлік сабағы" өтті
22
апрель
2025
Лицейде "Ерлік сабағы" өтті
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру және де бастапқы әскери дайындықтың оқу-материалдық базасын қалыптастыру мақсатында №55065 әскери бөлімі командирінің ТжИЖ жөніндегі орынбасары подполковник А.Ниязалиев, база 3-сыныптың сержанты Н.Базарбек, лицей директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Н.Кутумовтың ұйымдастыруымен 8-сынып оқушыларына "Ерлік сабағы" тақырыбында іс-шара өткізді.
Адам ағзасына балықтың пайдасы
22
апрель
2025
Адам ағзасына балықтың пайдасы
    Балық – көптеген адамдардың ең сүйікті тағамдарының бірі. Адамдар оны кез келген түрінде жей береді. Және ол қайнатылған, қуырылған, буланған немесе тұздалған, маринадталған, ысталған, тіпті шикі балық болсын, өзінің ерекше дәміне байланысты кез-келген адамның көңілінен шығып, тәбетін ашады.      Ет тұтынатындарға қарағанда балық жейтіндер көп. Өйткені тіпті, ет жемейтін кейбір адамдар балықтың артықшылығы оның етінің құрамында екенін біле отырып, балық жейді. Оның құрамында A, D, E
"Өскелең ұрпақ арасындағы қауіпсіздік мәдениеті" ұранымен  оқу-жаттығу сабақтары өтті
21
апрель
2025
"Өскелең ұрпақ арасындағы қауіпсіздік мәдениеті" ұранымен
Лицей оқушыларына "Өскелең ұрпақ арасындағы қауіпсіздік мәдениеті" ұранымен Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің қатысуымен азаматтық қорғау саласында оқу-жаттығу сабақтары өтті. Сабақтың мақсаты – оқушылардың төтенше жағдайлар кезіндегі қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, қауіпсіздік мәдениетін насихаттау және жауапкершілікке тәрбиелеу.
«Жүректен жүрекке» атты сынып сағаттары 5-11 сынып оқушыларына өтті
21
апрель
2025
«Жүректен жүрекке» атты сынып сағаттары 5-11 сынып оқушыларына өтті
«КӨМЕК» бағдарламасы  негізінде  «Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік» айлық аясында  «ДОСБОЛLIKE» бағдарламасы жоспарына сай «Жүректен жүрекке» атты сынып сағаттары 5-11 сынып оқушыларына өтті. Мақсаты: оқушылардың "мейірімділік" ұғымы туралы түсініктерін кеңейту адамгершілікке, сыйластыққа, бір-біріне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.  
“Гауһартас” лигасы аясында 7-8 сыныптар оқушылар арасында жеңіл атлетика жүгіру спорт түрінен жарыс өтілді.
21
апрель
2025
“Гауһартас” лигасы аясында 7-8 сыныптар оқушылар арасында жеңіл
"Эстетикалық пәндер, дене шынықтыру, АӘ және технологиялық дайындық" кафедрасының "Эстетика–адамның рухани әлемі" атты онкүндікке орай “Гауһартас” лигасы аясында 7-8 сыныптар оқушылар арасында жеңіл атлетика жүгіру спорт түрінен жарыс өтілді. Жарысқа оқушылар белсене қатысты. Нәтижесі бойынша ұлдар арасында: 1-орын – Ердавлетов Әділмансұр, 8 "Г" сынып оқушысы; 2-орын – Жақсылық Серали, 8 "Б" сынып оқушысы; 3-орын –Тлек Али, 7 "Ә" сынып оқушысы; 3-орын – Қалибек Алихан, 8 "В" сынып оқушысы