Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Ұстаздар – білімнің шынары, сайыстың жеңімпазы!
03
апрель
2025
Ұстаздар – білімнің шынары, сайыстың жеңімпазы!
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен алғаш рет өткізген «Оқу & математикалық сауаттылық: табысты синергия» республикалық байқауы – шынайы интеллектуал додасына айналды! Байқау – ақыл мен шеберліктің тоғысы, ұстаздардың кәсіби биігі сыналатын ерекше алаң! Бұл байқауда бақ сынаған лицейіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог-шебер, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Дусимбаева Мөлдір Үсенқызы жеңіс тұғырынан көрінді. ЖҰПТЫҚ КЕЗЕҢ – 2-ОРЫН! ТОПТЫҚ КЕЗЕҢ – 2-ОРЫН! Бұл
“Жолда жүру ережелері” және "Мопедтің зияны" атты лицей оқушыларына жиналыс өтті
03
апрель
2025
“Жолда жүру ережелері” және "Мопедтің зияны" атты лицей оқушыларына
Алатау ауданы полиция АПБ инспекторы полиция капитаны Бержанов Азамат Баймантаевич “Жолда жүру ережелері” және "Мопедтің зияны" атты лицей оқушыларына жиналыс өткізді. Мақсаты: Жолда жүру ережесін есте сақтауға, оқушыларға жол белгілерін неше түрі бар, оны білу не үшін қажет, бағдаршамның, жол белгілерінің атқаратын қызметі қандай екенін үйрету. Жол ережесін есте сақтау қабілетін, қызығушылықтарын арттыру, барлығымызға ортақ қойылған тәртіпті бұзбауға тәрбиелеу.  
“Жасыл Алматы” номинациясы байқауының лицейшілік кезеңі өтті.
03
апрель
2025
“Жасыл Алматы” номинациясы байқауының лицейшілік кезеңі өтті.
Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесіне арналған “БалаFest 2025” фестивалі бойынша “Жасыл Алматы” номинациясы байқауының лицейшілік кезеңі өтті. Байқауға оннан астам топ қатысып, өз жобаларын ұсынды. Әділ-қазылар әрбір критерий бойынша бағалау арқылы 3 жеңімпазды анықтап, жүлделі орындармен марапаттады. Нәтижесінде аудандық кезеңге 1-орын алған 10-сынып оқушылары Оразақын Бақдәулет пен Доғдырбай Айару өтті. Оқушыларымызға келесі кезеңде сәттілік тілейміз.
"Алматы БАЛА FEST" фестивалінің лицейішілік кезеңі өтті.
03
апрель
2025
"Алматы БАЛА FEST" фестивалінің лицейішілік кезеңі өтті.
Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында №178 мамандандырылған лицейде "Алматы БАЛА FEST" фестивалінің лицейішілік кезеңі "ВОКАЛ" номинациясы бойынша өтті. Нәтижесінде: 5 "В" сынып оқушысы Мақсат Еңлік БАС жүлде; 8 "Ә" сынып оқушысы Қалдарбек Айкөркем І орын; 5 "В" сынып оқушысы Толағай Сезім І орын; 5 "Б" сынып оқушысы Құдайберген Айниет ІІ орын; 8 "Ғ" сынып оқушысы Мәулетұлы Нұрсұлтан ІІ орын; 5 "А" сынып оқушысы Қыдырхан Сәбина ІІІ орын; 5 "А" сынып оқушысы Дарханқызы Сындар ІІІ орын; 5
Балалардың терезеден құлауының алдын алу
03
апрель
2025
Балалардың терезеден құлауының алдын алу
Балалардың терезеден құлауының алдын алу мақсатында  лицей инспекторы полиция майоры Л.Т.Жампейова  оқушыларға түсіндірме жұмыстарын жүргізді.