Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
19 наурыз – жаңару күні
19
март
2025
19 наурыз – жаңару күні
«Наурызнама» онкүндігі күнтізбесі бойынша, 19 наурыз – «Жаңару күні». Бұл күн табиғаттың оянып, жаңаруын білдіреді. Табиғатты аялау – әрбір адамның борышы. Осыған орай, лицейімізде «Бір отбасы – бір ағаш» экологиялық акциясы ұйымдастырылды. Акцияға 5 "А" сыныбының оқушылары мен ата-аналары қолдау көрсетіп, лицей ауласына ағаштар отырғызды.
Судың адам денсаулығына пайдасы
19
март
2025
Судың адам денсаулығына пайдасы
Адам күніне 2 литр су ішуі керек. Бұл салмағы 65­-70 келі аралықтағы адам үшін жарамды. Егер сіз бұдан да ірі болсаңыз, онда күн сайынғы ішетін су мөлшерін есептеп шығыңыз. Әрбір килограмм үшін 30 грамм судан қосылып отырады. Мысалы, сіздің салмағыңыз 90 келі, онда ­ 90*30=2700 мл су. Әрбір таңды бір стакан кофемен емес, сумен бастаңыз. Осылай, сіз ағзаның оянуына көмектесесіз. Миға күш беріп, ішек пен қарынға таңғы асты қорытуға мүмкіндік бересіз. Сізде бос уақыт мүлде аз болса да, күн сайынғы
Лицей оқушылары  – «ҚОЖА: ЖАҢА САЯХАТ» фильмінде
19
март
2025
Лицей оқушылары – «ҚОЖА: ЖАҢА САЯХАТ» фильмінде
№178 мамандандырылған лицей оқушылары «ҚОЖА: ЖАҢА САЯХАТ» фильмін көріп, көркем өнердегі құндылықты кино әлемі арқылы тамашалап қайтты. Кино – естелік, кино – тарих , кино – өнер. Фильмнің қайта жанданған классикалық үлгісін көру – ерекше сезім, ерекше сағыныш. Бүгінгі жас ұрпақтың талғамынан шығатын, жаңа үлгідегі аталмыш киноны көру челленджін Алматы қаласы Алатау ауданындағы №201 мектеп-гимназиясына жолдады.