Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
10-сынып оқушылары қаламыздағы Санжар Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медициналық Университетіне барып, оқу орнындағы анатомия лабораториясында өндірістік сабаққақатысты.
15
январь
2025
10-сынып оқушылары қаламыздағы Санжар Асфендияров атындағы Қазақ
Лицейіміздің химия-биология бағыты бойынша оқитын және медицина саласына қызығатын 10-сынып оқушылары қаламыздағы Санжар Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медициналық Университетіне барып, оқу орнындағы анатомия лабораториясында өндірістік сабаққа қатысты. Оқушыларымызға аталған университеттің мамандары анатомия және жалпы медицина жайында құнды ақпараттарды таныстырып, мамандық бойынша пікір алмасты. Өткен жылы жасалған өзара ынтымақтастық келісім МЕМОРАНДУМ нәтижесі бойынша жүзеге асырылған
Лицейдің тамақтану сапасына мониторинг жүргізу комиссиясы бақылау
15
январь
2025
Лицейдің тамақтану сапасына мониторинг жүргізу комиссиясы бақылау
Қаңтарайының айының 15-күні №178 мамандандырылған лицейдің тамақтану сапасына мониторинг жүргізу комиссиясы тексеріс жүргізді. Лицейде оқушыларға берілетін тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілетін оқушылардың тамақтары талапқа сай берілетіндігіне, санитарлық талаптарға сай келетініне көз жеткізді. Асхана қызметкерлері барлық санитарлық талаптарды орындап, оқушылар үшін тиімді жұмыстарды атқаруда. Тексеру барысында ешқандай кемшіліктер болмады.  
Білім алушылар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік гимнін орындады.
15
январь
2025
Білім алушылар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік гимнін орындады.
«Біртұтас» тәрбие бағдарламасы аясында білім алушылар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік гимнін орындады. Бұл іс-шара жастарға Отанға деген сүйіспеншілік пен патриотизмді қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам болды. Гимн орындау арқылы біз еліміздің бірлігі мен тәуелсіздігін мақтан етеміз.
«Дарын» орталығымен үздік серіктестік: жаңа жетістіктер мен мүмкіндіктерге жол!
15
январь
2025
«Дарын» орталығымен үздік серіктестік: жаңа жетістіктер мен
 «Дарын» орталығымен үздік серіктестік: жаңа жетістіктер мен мүмкіндіктерге жол!  Біз үшін үлкен мәртебе – «Дарын» РҒПО-мен «Үздік серіктес» атану! Бұл бірлескен жұмысымыздың нәтижесі ғана емес, жас таланттар мен тың бастамаларды қолдау жолындағы жаңа мүмкіндіктердің ашылуы.  «Дарын» РҒПО – талантты жастардың дамуына ерекше көңіл бөліп, олардың білім жолында тың серпіліс жасауына ықпал ететін мекеме. Біз осы ортақ мақсатқа бірге қол жеткізіп, дарынды оқушылар мен шығармашыл ұстаздарымызды жаңа
Лицей есігі — түлектерге әрқашан айқара ашық!!!
15
январь
2025
Лицей есігі — түлектерге әрқашан айқара ашық!!!
Лицей есігі — түлектерге әрқашан айқара ашық!!! Лицейіміздің 2023 жылғы түлектері өздері білім алып, балалық шақтан болашаққа қадам басқан алтын ұя лицейлеріне келіп, сағыныштарын басты. Қазіргі таңда Алматы және Астана, шет мемлекеттерде білім алып жүрген түлектеріміз жыл сайын лицейге келіп, тәлім-тәрбие берген ұстаздары мен лицей әкімшілігіне алғысын білдіріп кетеді. Бұл — ұрпақтар сабақтастығы негізінде өскелен ұрпаққа жақсы бастама және өнегелі тәрбие деп білеміз. Құрметті лицей түлектері!
🏆 ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!  ✨ 6-8 қаңтар аралығында өткен жалпы білім беретін пәндер бойынша қалалық олимпиадада лицейіміздің 24 оқушысы жүлделі орындарға ие бо
15
январь
2025
🏆 ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! ✨ 6-8 қаңтар аралығында өткен жалпы білім беретін
🏆 ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! ✨ 6-8 қаңтар аралығында өткен жалпы білім беретін пәндер бойынша қалалық олимпиадада лицейіміздің 24 оқушысы жүлделі орындарға ие болды! ✨ Барша оқушыларға, ата-аналарға, пән мұғалімдеріне алғысымызды білдіреміз. Әрбір жеңіс – тек оқушылардың ғана емес, бүкіл ұжымның ортақ жетістігі.