Құқық негіздері пәнінің мұғалімі А.Абдраимов 9-сынып оқушыларымен
“Шығармашылық. Шабыт. Білім” тақырыбындағы қоғамдық-гуманитарлық пәндер кафедрасы онкүндігінің аясында Құқық негіздері пәнінің мұғалімі А.Абдраимов 9-сынып оқушыларымен мектеп оқушыларының құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған семинар-практикум өткізді. Аталған семинар-практикумға лицей директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Н.Кутумов қатысып, оқушыларға құқықтық сауаттылықтың тәрбиемен байланысы бойынша қысқаша ақпарат берді.