Республика күніне орай «Мен – елімнің патриотымын» атты салтанатты
№178 мамандандырылған лицейде Республика күніне орай «Мен – елімнің патриотымын» атты салтанатты флешмоб ұйымдастырылды. Ұлттық мереке қарсаңында іс-шараға қатысушылар қолдарына көк туды ұстап, патриоттық ән-биді орындады. Осылайша өскелең ұрпаққа көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, Отанына деген сүйіспеншілікті қалыптастыруды мақсат еткен. Әрдайым тыныштық пен тұрақтылыққа қол жеткізген еліміз аман, заманымыз тыныш, Отанымыз – Қазақстан гүлдей берсін!