«Арыстан» мамандандырылған лицейінің 9-сынып оқушысы Жанабай Аян
21 желтоқсан күні «Арыстан» мамандандырылған лицейінің 9-сынып оқушысы Жанабай Аян Даниярұлы №178 мамандандырылған лицей оқушыларына кәсіби бағдар бойынша үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Оқушыларға «Арыстан» лицейі жайлы мәлімет беріліп, лицейдің оқу бағыты, күн тәртібі, киім үлгісі мен жиын-үйірмелер тізіміне шолу жасады. Оқушылармен кері байланыс жүргізіліп, сұрақтарына жауап берді.