Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
"ZOK JUNIORS" клубының мүшелері №181 жалпы білім беретін мектеп оқушыларына робототехника әлемі туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді
11
декабрь
2023
"ZOK JUNIORS" клубының мүшелері №181 жалпы білім беретін мектеп
     №178 мамандандырылған лицей әкімшілігінің қолдауымен құрылған робототехникадан "ZOK JUNIORS" клубының мүшелері Сарқытбай Медина мен Исаева Жарқынай №181 жалпы білім беретін мектеп оқушыларына робототехника әлемі мен ондағы негізгі жаңалықтарды жеткізу мақсатында  түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Осы іс-шараның өтуіне қолдау көрсеткені үшін #181 жалпы білім беретін мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сәкен Нұржанұлына өз алғысымызды білдіреміз!  Құрметпен, #178
«Тәуелсіз Қазақстан балалар көзімен» атты сурет көрмесі
11
декабрь
2023
«Тәуелсіз Қазақстан балалар көзімен» атты сурет көрмесі
     №178 мамандандырылған лицейдің 7-8 сынып оқушылары арасында көркем еңбек пәнінің мұғалімі Абыканова М.А. ұйымдастыруымен Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіз Қазақстан балалар көзімен» атты сурет көрмесі өтті. Көрмеге оқушылар белсене қатысып, еліміздің жарқын көріністерін сурет арқылы көрсете білді.       Көрменің негізгі мақсаты – өз елі үшін мақтаныш сезімін қалыптастыру, ұлттық бірлікке тәрбиелеу, өнерге баулу, балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал ету.