Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
АҒАШ ОТЫРҒЫЗУ – АТАДАН ҚАЛҒАН МИРАС
31
октябрь
2023
АҒАШ ОТЫРҒЫЗУ – АТАДАН ҚАЛҒАН МИРАС
     🌿«Атадан мал қалғанша, тал қалсын...» деп бабаларымыздың кейінгі ұрпаққа қалдырған өсиеті. Халықтың денсаулығы мен ұрпақ болашағына оң әсерін тигізіп, туған елінің көркеюіне үлес қосып, қалыс қалмау - әрбір азаматтың борышы. Осы мақсатта қазан айында лицей ауласын көгалдандыру мақсатында ЕСО клубы лицей маңына ағаш отырғызды. Бұл өз кезегінде лицейіміз гүлденсін, көркейсін деген ниеттің белгісі.
9 "Ж" сынып оқушысы Қали Дария “Ұшқын” балалар мен жасөспірімдер республикалық байқауында “Аспаптық орындаушылық“ номинациясы бойынша 3- орын алып,дипломмен марапатталды.
30
октябрь
2023
9 "Ж" сынып оқушысы Қали Дария “Ұшқын” балалар мен жасөспірімдер
     №178 мамандандырылған лицейдің 9 "Ж" сынып оқушысы Қали Дария “Ұшқын” балалар мен жасөспірімдер республикалық байқауында “Аспаптық орындаушылық“ номинациясы бойынша 🥉 орын алып,дипломмен марапатталды.
7-8 сынып қыздарының арасында "Күз ханшайымы-2023" байқауы өтті
27
октябрь
2023
7-8 сынып қыздарының арасында "Күз ханшайымы-2023" байқауы өтті
     27 қазанда 7-8 сынып қыздарының арасында "Күз ханшайымы-2023" байқауы өтті. Сайысқа 16 қыз қатысып, өнерлерін көрсетті. "Талапты бала талпынған құстай, құмары қанбас биікке ұшпай" - демекші, қыздарымыз көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, өнерлерімен тамсандырды.  Қазылар алқасының шешімімен 7-сынып оқушылары арасында Мауленова Айлин Бас жүлдені, Үкіметхан Айғаным I орынды, Дүйсен Жібек  II орынды, Русланқызы Айзере III орынды иеленсе, 8-сынып оқушылары арасында Бас жүлдені Бекен
9-11 сынып оқушыларына "Құқық бұзушылық түсінігі және түрлері" тақырыбында күзгі демалыс кезіндегі қауіпсіздік шаралары түсіндірме жұмысы жүргізілді.
27
октябрь
2023
9-11 сынып оқушыларына "Құқық бұзушылық түсінігі және түрлері"
     9-11 сынып оқушыларына "Құқық бұзушылық түсінігі және түрлері" тақырыбында күзгі демалыс кезіндегі қауіпсіздік шаралары жайында түсіндірме жұмысы жүргізілді. Жиналысқа полиция лейтенанты, участкелік полиция инспекторы Пазылов Жалгасбек Нурсейтович, полиция аға лейтенанты, участкелік полиция аға лейтенанты Кокиев Дархан Тлеуғазыұлы және полиция аға лейтенанты Бектұрған Азамат Ерланұлы қатысты. Құқық қорғау қызметкерлері баяндама жасап, оқушылардың сұрақтарына жауап берді.
Биология пәнінен жүргізілген ерекше жобалық сабақ
27
октябрь
2023
Биология пәнінен жүргізілген ерекше жобалық сабақ
     І тоқсанда лицейімізде жүргізілген ерекше сабақтың бірі Айдарова Айдана Берікқызының биология пәнінен 9”Ә” сынып оқушыларының І тобына өткен сабағы. Қазіргі заманғы ғаламдық экология проблемаларын және оның салдарын, себебін, алдын алу мен жою жолдарын білу арқылы оқушының экологиялық сауаттылығын, экологиялық этикасын арттыру мақсатында ұйымдастырылған жобалық сабақ болды. Сабақ апталық жоба көлеміне жоспарланып, нәтижесін лицейдегі Space орталығында қорғады. Жүргізілген жобалау сабағы
Лицейдің тамақтану сапасына мониторинг жүргізу комиссиясы бақылау жұмысын жүргізді
27
октябрь
2023
Лицейдің тамақтану сапасына мониторинг жүргізу комиссиясы бақылау
 «№178 мамандандырылған лицей» КММ-де жаңа оқу жылы барысында, мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия мүшелері  кезекті тексеру жұмыстарын қазан айының 27-і күні жүргізді. Мониторинг тексеруі кезінде, ас блогындағы, асханадағы жұмыстың ұйымдастырылуы, тамақ өнімдерінің сапасы, оларды тасымалдау, сақтау шарттары, тамақ дайындау сапасы, тамақтың балалардың негізгі тағамдық заттарға физиологиялық қажеттіліктеріне сәйкестігі, ас блогы қызметкерлерінің жеке гигиеналық ережелерін сақтауы бойынша
"Болашақ еңбекқор, білімді, өнерлі және дені сау ұрпақ" тақырыбындағы онкүндікке орай волейболдан 9-11сынып қыздар арасында лицейішілік бірішілік өтті
26
октябрь
2023
"Болашақ еңбекқор, білімді, өнерлі және дені сау ұрпақ" тақырыбындағы
     Эстетикалық пәндер, дене шынықтыру, АӘ және технологиялық дайындық кафедрасының "Болашақ еңбекқор, білімді, өнерлі және дені сау ұрпақ" тақырыбындағы  онкүндігіне орай 26 қазан күні волейболдан 9-11 сынып қыздар арасында лицейішілік біріншілік өтті. Жарыстың мақсаты - бірлік пен салауатты өмір салтын қалыптастыру, оқушылар арасында волейбол ойынын насихаттау, бұқаралық спортты дамыту; Жарыс өте тартысты, қызықты өтті.  Жарыс соңында үздік ойыншылар мен жеңімпаз командалар анықталып, мақтау