Лицейдің тамақтану сапасына мониторинг жүргізу комиссиясы бақылау
«№178 мамандандырылған лицей» КММ-де 2023 жылдың 30 мамырында тамақтандыру сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия кезекті тексеру жұмыстарын жүргізді. Мониторинг барысында, ас блогындағы, асханадағы жұмыстың ұйымдастырылуы, тамақ өнімдерінің сапасы, оларды тасымалдау, сақтау шарттары, тамақ дайындау сапасы, тамақтың балалардың негізгі тағамдық заттарға физиологиялық қажеттіліктеріне сәйкестігі, ас блогы қызметкерлерінің жеке гигиеналық ережелерін сақтауы бойынша тексеріс жасалды.