Күз мезгілінде балалардың ағзасына қажетті дәрумендерге бай тағамдар » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Күз мезгілінде балалардың ағзасына қажетті дәрумендерге бай тағамдар
07
сентябрь
2023

Күз мезгілінде балалардың ағзасына қажетті дәрумендерге бай тағамдар

  Күзде ағзаның ауа райының жиі өзгеруіне, температураның күрт төмендеуіне бейімделуі қиын.  Сондықтан дәрумендерге бай тағамдарды көбірек тұтыну керек.  

Азық-түліктерде кездесетін табиғи қоректік заттар жақсы сіңеді. Маусымдық жемістерді тұтыну керек, олардың құрамында пестицидтер мен басқа да химиялық заттар аз болады.

С тобының дәрумендері цитрус жемістерінде, ашытылған қырыққабатта, пиязда көп мөлшерде кездеседі. Сондай-ақ, аскорбин қышқылын шайдан, шетен жидегінен, шеңгел жидегінен, қарақат пен итмұрыннан алуға болады.

Е тобының дәрумендері өсімдік тектес әр түрлі майларда, жұмыртқада, сәбізде болады. Сондай-ақ бұл дәрумен көкөністерде, жүгеріде, өнген бидайда кездеседі.  

Д дәрумені тағам құрамында өте аз. Оны ультракүлгін сәуледен алуға болады. Бұл микроэлемент тек сары май, ірімшік, қаймақ, кілегейде болады.

Күзде иммунитетті нығайтатын А дәруменін алу бәрінен оңай. Ол сәбізде көп мөлшерде кездеседі. Сондай-ақ, бұл микроэлементті жұмыртқа, сүзбе, алма, қызанақ жеу арқылы толықтыра аласыз.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: