Қыс мезгілінде адам ағзасына қажет дәрумендер » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қыс мезгілінде адам ағзасына қажет дәрумендер
07
декабрь
2022

Қыс мезгілінде адам ағзасына қажет дәрумендер

     Қыс мезгілінде күн сәулесінің жетіспеушілігі, қозғалыстың аздығы түрлі вирустарды жұқтырып ауруға душар қылады. Иә, расымен, қыс пен күзде адам ағзасы көптеген дәрумендерді қажет етеді. Алайда арнайы маманның тағайындауынсыз кез келгенін қабылдай беруге болмайды. Алдымен сараптама жасау арқылы ағзадағы дәруменнің деңгейін тексеру керек. Сонымен қатар, бізге дәрумендердің көп мөлшері бар тағамдар тізімін біліп жүрген артық етпейді.














           С дәрумені
Иммунитетіміздегі негізгі дәрумендердің бірі. Ол теріні нәрлендіріп, сүйектер мен тістерді сау қалпында ұстайды, жараларды емдейді. Қызанақ, қырыққабат, көкшөп түрлері мен болгар бұрышында С дәрумені жеткілікті мөлшерде бар.
   Е дәрумені
Бұл дәрумен қыс мезгілінде теріні және шашты ылғалдандыруға керек. Қыста бас терісі құрғап, шаш түскіш болады. Осы орайда Е дәрумені ылғал тепе-теңдігін сақтауға көмектеседі. Жержаңғақ, брокколи, күнбағыс дәндері және кешью жаңғағы Е дәруменіне өте бай.
Темір - иммунитетті көтеру үшін өте маңызды, сондай-ақ, ол бізге сергек жүруге көмектеседі. Ал нақтырақ айтсақ, темір бүкіл ағзаны азықтандырып, бүкіл денеге оттегін жеткізеді. Темірді өз деңгейінде ұстап тұру үшін ет, үрмебұршақ, қошқыл жапырақты көкөністер, құс етін және теңіз өнімдерін жеу керек.
   Мырыш
Дәруменнің бұл түрі антиоксидант рөлін атқарады, тіндерді қалпына келтіреді, гормондарды теңестіреді, сау иммунитетті қалыптастырып, ас қорытуды жақсартады. Мырыш шпинатта, сиыр етінде, үрмебұршақта, теңіз өнімдерінде, асқабақ тұқымдастарында және жаңғақтарда көп болады.
   Д дәрумені
Бұл дәруменді алу үшін жарты сағат күн астында өткізсе жетеді. Ал күз бен қыста бәріміз іс жүзінде «күн» дәруменін қажет етеміз. Сонымен бірге ол бізге маңызды минералды заттарды сіңіруге, метоболизмді реттеуге көмектесіп, жасушалардың дұрыс дамуына ықпал етеді және иммундық жүйені реттейді. Қыс мезгілінде оны керек мөлшерде алу үшін май, сүт, жұмыртқа, саңырауқұлақ, бауыр майы мен майлы балық жеген жөн.
   Фолий қышқылы
Фолий қышқылы көңіл-күйді реттеуге көмектеседі, әсіресе қыстағы көңілсіздік кезінде маңызды. Сонымен қатар, ол жүрек ауруы, қант диабеті және онкологиялық аурулардың қаупін азайтуға көмектеседі.Фолий бұршақ, үрмебұршақ, жасымық, авокадо, жаңғақтар мен брокколиде көп.
   А дәрумені
Бұл маңызды дәрумен де антиоксидант қызметін атқарып, сүйектерді, тістерді және жұмсақ тіндерді сау қалпында сақтайды. Оған қоса дененің табиғи қорғанысын қолдау арқылы сау иммундық жүйені қалыптастырады. А дәруменін шпинаттан, сәбізден, өріктен және тәтті картоптан алуымызға болады.
Түрлі деңгейдегі депрессияға, мазасыздыққа ұшыраған және көңіл-күйі бірқалыпты емес адамдар алдымен дәрігермен кеңесіп, қандай дәрумендердің жетіспейтінін анықтайтын анализ тапсыру керек. Ал басқа жағдайларда әрдайым оларды қабылдап жүру иммунитетті нығайтып, денсаулықты сақтай
ды.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: