Жер сілкінісіне бағытталған сейсмикалық жаттығу » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Жер сілкінісіне бағытталған сейсмикалық жаттығу
06
апрель
2019

Жер сілкінісіне бағытталған сейсмикалық жаттығу

2019 жылдың 05 сәуір күні Алматы қаласының Алатау ауданындағы №178 лицей аумағында жер сілкінісі болған жағдайда басшылық құрамының оқушыларды ғимараттан қауіпсіз жерге қалай дұрыс алып шығуға болатындығы туралы жер сілкінісіне бағытталған сейсмикалық жаттығу жүргізілді.
Жаттығуға Алматы қаласы Алатау ауданының Төтенше жағдайлар басқармасының бас маманы Мадиев Марат Мадиевич қатысты.
Дыбыстық белгі берілген бетте, барлығы ғимараттан шығып үлгерді. Аулаға шыққан оқушыларды сынып ұстаздары қолдарындағы түрлі-түсті белгімен түгендеді.
Сынып жетекшілері оқушыларын түгендеген кезде екі оқушысын жоғалғандығы туралы хабарлады.
Құтқарушылар зардап шеккендерді сыртқа шығарып, алғашқы медициналық көмек көрсету үшін дәрігерлерге беру операцияларын жүргізді.













Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: