Әдістемелік жұмыстар » Страница 11 » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Extraordinary talents. The incredible rise of dymano" тақырыбында ашық сабақ өткізілді.
09
декабрь
2022
"Extraordinary talents. The incredible rise of dymano" тақырыбында
Қоғамдық - гуманитарлық пәндер айлығы аясында ағылшын тілі пәні мұғалімі Тулеубекова А. 10 "З" сыныбында "Extraordinary talents. The incredible rise of dymano" тақырыбында ашық сабағын өткізді. Оқушылар сабақта топтарға бөлінді, АКТ-ны қолдана отырып әр түрлі тапсырмалар орындады: QR code-ти скандап, сайтқа бірден өтіп «How do you understand the word extraordinary talents?» сұрағына өз жауаптарын енгізді, жаңа сөздермен танысып, бекіту мақсатында оқушылар онлайн кроссворд шешті, мәтінмен жұмыс
"Дәстүрлі қазақ қоғамының әлеуметтік жіктелуінің ерекшеліктері" тақырыбында ашық сабақ өткізілді.
09
декабрь
2022
"Дәстүрлі қазақ қоғамының әлеуметтік жіктелуінің ерекшеліктері"
Қоғамдық - гуманитарлық пәндер айлығы аясында тарих пәні мұғалімдері: Сатов Е.11 "Ә" сыныбында "Ұлтаралық және конфессиарлық келісімнің қазақстандық моделі", Темирова Г. 10 "В" сыныбында "Дәстүрлі қазақ қоғамының әлеуметтік жіктелуінің ерекшеліктері" тақырыптарында ашық сабақтарын өткізді. Сабақтарда проблемалық сұрақтарды мәтінмен жұмыс арқылы топтарда қарастырды, рольдік ойын, рефлексия жүргізілді, оқушылардың білімдері дескрипторлар, критерийлермен бағаланды. Оқушылар көптеген тарихи қосымша
«Заманауи білім беру үрдісін жаңғырту траекториясын қалыптастыру» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік кoнфepeнция өтті.
09
декабрь
2022
«Заманауи білім беру үрдісін жаңғырту траекториясын қалыптастыру»
Алматы қаласы №178 мамандандырылған лицейдің 10 жылдығына арналған «Заманауи білім беру үрдісін жаңғырту траекториясын қалыптастыру» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік кoнфepeнция өтті. Конференцияда білім беру үдерісін дамытудағы педагогикалық ізденіс аймағын қалыптастыру және заманауи инновациялық технологияларды дәріптеу, кәсіби тәжірибесін зерделеу және қолдау көрсету, педагогтер арасында тәжірибе алмасу қарастырылды. Халықаралық деңгейдегі іс-шараның ұйымдастырылуына педагогика
“Қазақстан Республикасының көші-қон саясаты” тақырыбында ашық сабақ өткізілді.
30
ноябрь
2022
“Қазақстан Республикасының көші-қон саясаты” тақырыбында ашық сабақ
     Қоғамдық-гуманитарлық пәндер кафедрасы айлығының аясында тарих пәнінің мұғалімі Шынасыл Ғалымжан Жораұлы 11 “Е” сыныбымен “Қазақстан Республикасының көші-қон саясаты” тақырыбында ашық сабақ өткізді. Оқушылар сабақ барысында АКТ-ны кеңінен қолданды. Атап айтқанда: Learning apps Worldwall және Mentimetr бағдарламалары қолданылды. Оқушылар сабақ барысында түрлі тапсырмалар орындау арқылы тақырыпты тереңірек түсінді. Пән мұғалімі қандас бауырларымыздың тұрмыс тіршілігі, тарихы туралы тың
"Кавказский пленник" , "Solving an ecology problem" тақырыптарында ашық сабақтарын өткізді.
27
ноябрь
2022
"Кавказский пленник" , "Solving an ecology problem" тақырыптарында
     Қоғамдық-гуманитарлық пәндер кафедрасы айлығы аясында орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ханасилова С.К. 7"Ғ" сыныбында "Л.Н.Толстой "Кавказский пленник" және ағылшын тілі пәні мұғалімі Сарсенбиева С. 9 "Ғ" сыныбында "Solving an ecology problem" тақырыптарында ашық сабақтарын өткізді. Сабақтардың мақсаттарына жетуі үшін инновациялық идеяларды тиімді оқыту стратегиялары арқылы сабақтарда қолданып, оқушылардың қызығушылықтарын арттырды. Сабақтар тартымдылығымен, жаңашылдығымен ерекшеленді.
«Қоғамдық-гуманитарлық пәндерді оқытудағы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту» атты кафедра айлығының ашылуы өтті.
15
ноябрь
2022
«Қоғамдық-гуманитарлық пәндерді оқытудағы оқушылардың функционалдық
    2022 жылғы 15 қараша күні «Қоғамдық-гуманитарлық пәндерді оқытудағы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту» тақырыбындағы қоғамдық-гуманитарлық пәндер кафедрасы айлығының «Озық ойлар жәрмеңкесі» - «Ярмарка идей» - «Carnival of ideas» салтанатты ашылуы өткізілді. Жауапты мұғалімдер: Каирбаева М., Битимбаева Ж., Алсаева А. өздерінің креативті идеяларын көрсете білді. Орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, тарих пәндері мұғалімдері мен оқушыларға айлықтың ойдағыдай өтуіне сәттілік
10”Д” сыныбында Абай Құнанбайұлының “Он жетінші қара сөзі” тақырыбында ашық сабақ  өткізілді.
02
ноябрь
2022
10”Д” сыныбында Абай Құнанбайұлының “Он жетінші қара сөзі”
     Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының айлығы аясында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Аметова Сәуле Орынбасарқызы 10”Д” сыныбында Абай Құнанбайұлының “Он жетінші қара сөзі” тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында мұғалім әр деңгейдегі тапсырмаларды орындау барысында оқушыларға жақсы қолдау көрсете отырып, қара сөздерінің жалпы өмірде берер терең философиялық тәрбиесімен қатар адам бойына асыл қасиеттерді ұялататынын ұқтырды. Әдіс-тәсілдерді тиімді қолданып, оқушылар аса
"Денсаулық және қоршаған орта” тақырыбында 7 сыныпқа ашық сабақ өткізілді.
21
октябрь
2022
"Денсаулық және қоршаған орта” тақырыбында 7 сыныпқа ашық сабақ
      Ана тілі - халықтың көркі. Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің айлығы аясында өтіліп отырған ашық сабақтар мен сыныптан тыс іс-шаралар айтылған ойдың дәлелі. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог-сарапшы М.К. Кенжебаеваның 7 сыныпқа өткізген "Денсаулық және қоршаған орта” тақырыбындағы ашық сабағында оқушылар мәтіннің мазмұнын түсіну, ұсынылған ақпарат бойынша факті мен көзқарасты ажырата білу, тақырыпқа байланысты берілген мәселенің оңтайлы шешілу жолдары немесе себептеріне өз
Республика күніне орай 6-9 сынып оқушылары арасында «Астана – менің жүрегімде!» эссе байқауы өткізілді.
21
октябрь
2022
Республика күніне орай 6-9 сынып оқушылары арасында «Астана – менің
      №178 мамандандырылған лицейде 25 қазан – Республика күніне орай 6-9 сынып оқушылары арасында «Астана – менің жүрегімде!» эссе байқауы өткізілді. Мақсаты: Астана қаласының көрікті жерлерін таныстыру және оқушылар бойында ұлтжандылық қасиеттерді қалыптастыру.
«Өз жүрегіңмен жылыту» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.
11
октябрь
2022
«Өз жүрегіңмен жылыту» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.
     №178 мамандандырылған лицейде 1қазан - Қарттар күніне орай 6-11 сынып оқушыларына «Өз жүрегіңмен жылыту» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Мақсаты: Оқушылардың бойына халқымыздың қадір-қасиетін сіңіру,үлкенді сыйлай білуге, өз ата-бабасын ұмытпай есте сақтауға және аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.