Ақпарат » Страница 261 » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
"1 наурыз - Алғыс айту күні"
01
март
2019
"1 наурыз - Алғыс айту күні"
№178 лицей оқушылары ұстаздарды "1 наурыз - Алғыс айту күнімен" құттықтап, көрсеткен қамқорлықтары мен аялы алақан, жылы лебіздері үшін бас иіп, ашық хаттар таратып, рахметтерін айтты. Мерейлі мерекеде дендеріне саулық, отбасыларына амандық, істеріне сəттілік тіледі.
"Ризашылық" атты сынып сағаты
27
февраль
2019
"Ризашылық" атты сынып сағаты
№178 лицейде 1 наурыз - «Алғыс айту» күніне орай, «Ризашылық» атты сынып сағаттары өтті. Оқушылардың ұлттар татулығы, достығы туралы ойлары, дархан еліміздің ұлттардың небір ауыртпалық туған кезеңдерде бір-біріне көмек қолын созған кең пейілдігі туралы әңгімелері әсерлі болды.
"Мен - қазақпын" атты республикалық жыр байқауы
27
февраль
2019
"Мен - қазақпын" атты республикалық жыр байқауы
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде  ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, ақын Жұбан Молдағалиевтың 100 жылдығына және "Мен - қазақпын" поэмасының 55 жылдығына орай мектеп оқушылары арасында өткізілген "Мен-қазақпын" атты республикалық жыр байқауына белсене қатысып, №178 лицейдің 11 "Г" сынып оқушысы 2-орын иеленді. Жетекшісі Ауелбекова Айман Айтжановнаға жас таланттарды дайындағаны үшін сертификат берілді.
"Лицей аруы - 2019"
27
февраль
2019
"Лицей аруы - 2019"
№178 лицейде «Лицей аруы - 2019» атты байқау өтті. Байқау мақсаты – оқушылар арасында «2019 жыл – Жастар жылы» бағдарламасын насихаттау. Оқушылар бойында ұлттық тәрбие құндылықтарын дамыту, мемлекеттік тілдің қолданысын кеңейту, жастардың жеке тұлға ретінде жарасымды дамуына, шығармашылық, зияткерлік әлеуетін арттыру, табиғи сұлулықты насихаттау. Байқау барысында ару қыздар сымбаттылығын, сыпайлығын, біліктілігін және өнерлерін, жан-жақтылығын көрсете білді. Өз өнерімен, біліктілігімен және
«Мұғалімдердің кәсіби дамуының жаңа моделі: шығармашылық лабораториясы» тақырыбында аудандық семинар
27
февраль
2019
«Мұғалімдердің кәсіби дамуының жаңа моделі: шығармашылық
2019 жылдың 26 ақпан күні «№178 лицей» КММ «Мұғалімдердің кәсіби дамуының жаңа моделі: шығармашылық лабораториясы» тақырыбында аудандық семинар өтті. Мақсаты: Жаңартылған білім мазмұнына бағдарланған білім беруді жүзеге асыруда оқытудың тиімді жолдары мен жаңа әдіс-тәсілдерін тәжірибеде көрсету арқылы мұғалім мен оқушы құзіреттілігін сабақтастыру. Семинарға Алатау ауданы мектептерінің директорлары мен оқу ісі жөніндегі орынбасарлары қатысып, лицей мұғалімдері өз іс-тәжирибелерін ұсынды. 
«Баланы жеке үлгі ретінде тәрбиелеу» атты жалпы ата-аналар жиналысы
22
февраль
2019
«Баланы жеке үлгі ретінде тәрбиелеу» атты жалпы ата-аналар жиналысы
2019 жылдың 7 және 8 ақпанда Алматы қалалық білім беру басқармасының білім берудегі жаңа технологиялар ғылыми-әдістемелік орталығында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен мектеп психологтарының «Бейресми көшбасшылық, балалардың агрессивті мінез-құлық және оларды шешу жолдары туралы» тақырыбы бойынша өткен жиналысының шешіміне сәйкес №178 лицейде 22 ақпан күні «Баланы жеке үлгі ретінде тәрбиелеу» тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыс барысында лицей әкімшілігі мен
"Адалдық дүкені"
22
февраль
2019
"Адалдық дүкені"
№178 лицейде «Алматы - адалдық алаңы» жобасы негізінде «Адалдық дүкені» атты дүкен іске қосылды. Дүкеннің ашылу мақсаты - жастардың арасында оңтайлы моральдық қасиеттерін дамыту, оның ішінде адалдық пен адамдық, жемқорлыққа қарсы мәдениет пен әділдік сезімін қалыптастыру болып табылады.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы мемлекеттік саясатты іске асырудағы жастардың рөлі»
20
февраль
2019
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы мемлекеттік саясатты іске
    2019 жылы 20 ақпан күні сағат 11.00-де «Алматы – адалдық алаңы» жобасының аясында №178 лицейде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы мемлекеттік саясатты іске асырудағы жастардың рөлі» атты тәрбие сағаты өткізілді.     Жобаның негізгі міндеттері мен мақсаттары:  Алматы қаласындағы азаматтардың мемлекеттік билік институттарына сенімін арттыру, жемқорлық деңгейін төмендету, сыбайлас жемқорлықты қабылдамаудың қоғамдық ахуалын қалыптастыру мен тұрмыстық жемқорлықты жою, азаматтарға қолайлы
Бүгінгі жас маман келер ұрпақтың сәулеткері.
20
февраль
2019
Бүгінгі жас маман келер ұрпақтың сәулеткері.
Бүгінгі жас маман келер ұрпақтың сәулеткері.  Алматы қаласы Алатау ауданы мектептерінің арасында 2019 жылдың 13-15 ақпаны аралығында «Жаңашыл мектепке – жаңашыл ұстаз» атты жас мамандар байқауы өтті. Жас ұстаздардың біліктілігін, жан-жақты өз кәсібінің шебері екендігін сынау арқылы оларды іскерлікке, мәдениеттілікке, өз кәсібіне үлкен жауапкершілікпен қарауға баулу мақсатында ұйымдастырылған байқауға №178 лицейдің  қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қуанбаева Бағдат Сұлтанбекқызы қатысты.
"Мәңгі өлмес жырымен із қалдырған"
15
февраль
2019
"Мәңгі өлмес жырымен із қалдырған"
Қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Толғанай Оразалиеваның ұйымдастыруымен ақиық ақын, поэзияның мұзбалағы Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығын насихаттау мақсатында  "Мәңгі өлмес жырымен із қалдырған" атты әдеби сазды кеш өтті. Кешке жиналған көрермен қауымға лицейдің өнерлі де, шығармашыл оқушылары ақиық ақын Мұқағали атамыздың әндері мен жырларын тарту ете отырып, әсерлі көңіл-күй сыйлады.