Біліктілікті арттыру - кәсіби өсудің негізі » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Біліктілікті арттыру - кәсіби өсудің негізі
23
апрель
2020

Біліктілікті арттыру - кәсіби өсудің негізі

   «Мұғалім - өз білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім» - деп бекер айтпаса керек. Сондықтан да қандай жағдай болса да ұстаз білім, білік дағдыларын кеңейтуге, тереңдетуге және жетілдіруге ұмтылатындығы сөзсіз. 

   Алматы қаласы қалалық білім берудегі жаңа технологияның ғылыми-әдістемелік орталығы, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы тарапынан онлайн форматта өткізген аралас режимдегі курстары, тәжірибе алмасу мақсаттарында жүргізген семинарлары, вебинарлары пән мұғалімдерінің әдістемелік базасын толықтыруда. 

  Лицей әкімшілігі мен ұстаздары «Мектепте коучинг пен тәлімгерлік практикасын ұйымдастыру» тақырыбында орта білім беру ұйымдары директорларының бейіндік оқыту жөніндегі орынбасарларының онлайн форматта өткізілген курстарының, Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық университетінің «Информатика және қолданалы математика» кафедрасының магистрлері, аға оқытушыларының ұйымдастыруымен физика пәнінің мұғалімдеріне арналған «Физика пәнін онлайн оқытуда көрнекіліктерді қолдану әдістемесі», «ТЖБ тапсырмаларын құрастыру және нәтижерін бақылау», «Мектептегі қашықтықтан оқыту: НЗМ тәжірбиесі» тақырыптарында өткізілген семинарлар мен вебинарлардың белсенді қатысушылары болуда. 


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: