Лицей оқушыларының үйірме жұмыстары » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Лицей оқушыларының үйірме жұмыстары
21
апрель
2020

Лицей оқушыларының үйірме жұмыстары

     Қазіргі кезде нарықта сұранысқа ие болып тұрған робототехника жайында тақырыпты қозғасақ, бірден ойымызға роботтарды құрастыру түсетіні айдан анық. Алайда бұл саланың қызметі  мұнымен ғана шектеліп қалмайды. Бұған қоса, оған қызығатындар роботтың құрылысымен, жұмысымен, қолдануымен айналысады. Сондай-ақ, бағдарламалау, дизайнерлік білім, физика және математиканы жетік меңгеруді талап етеді. Роботты техника саласында қолдануда ең қызықтыратыны - бағдарламалау. Бағдарлама барысында математика, информатика, физика, геометрия пәндерінің элементтерін пайдалану. Математикадан бір формула үйреніп, оны әрі қарай тәжірибемен шыңдау қажет. Ал физикалық есептер арқылы роботты, оның қимылын жасаймыз. Жалпы робототехниканы өмірдің барлық саласында қолданады. Робототехника саласы мұнымен айналысқан кез-келген адамды жан-жақты дамытады.
     Бүгінгі күнде  компьютермен жұмыс істеу тәжірибесі маңызды болып саналады, ал ертеңгі күні әрбір сауатты адам роботпен жұмыс жасай білуі қажет. Бүгінгі күні робот өмірімізге нық қадам басып кіріп келеді, өйткені қазір барлық салаларда роботтың көмегіне сүйеніп түрлі-түрлі жұмыстар атқарылады. Осындай уақыт талабынан туындап отырған көптеген игі іс-шаралар лицейде оқу-тәрбие үдерісіне енгізілуде.
   Математика-физика бағытындағы №178 лицей оқушылары үйірме жұмыстарына қатысатын белсенді оқушысы Хамзахан Айтөре  ЛЕГО, Майнстромс НХТ 2,0 және  ЕВ-3 модельдерімен жыл сайын аталған лего модельдері бойынша көптеген аудандық, қалалық, республикалық және халықаралық жарыстар мен олимпиадаларда өзінің бағын сынап, жүлделі орындарға ие болып жүр.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: