Үйірме жұмыстары: РОБОТОТЕХНИКА (кіші топ) » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Үйірме жұмыстары: РОБОТОТЕХНИКА (кіші топ)
17
февраль
2020

Үйірме жұмыстары: РОБОТОТЕХНИКА (кіші топ)

    

178 лицей 5-6 сынып оқушыларының арасында робототехникадан жүргізілетін үйірме жұмыстары жылдан- жылға жанданып келеді.  5- 6 сыныптар робототехника үйірмесінің жетекшісі Молдабаев С:

        – Балалар бұл үйірмеге алғашында шетелдік кинолардан көрген түрлі робот кейіпкерлеріне қызығу арқылы келеді.  Мұнда оларға роботтардың түрлерін таныстырып, олардың маңыздылығын түсіндіреміз. Робототехника өмірдің барлық саласында қолданылады. Өздігінен ашылып-жабылатын есіктерден бастап нанотехнологияларға дейін робототехника пайдаланылады. Біз үйірмеде «lego» роботтары негізінде үйретеміз. «lego» роботтарының артықшылығы,  жарыстардың көбі осы компания роботтарының қатысуымен өткізіледі,- деп жауап берді. 

           Қазіргі таңда әлем  көз ілеспес  жылдамдықпен  өзгеріп жатыр. Кеше фантастика болған робот, робототехника осы жаһандану дәуірінде «ақылды» құрылғылар ретінде өмірімізге  ене бастады. Бүгінде түрлі салада адамдар осы роботтардың көмегіне жүгінеді. Сол себепті бүгінгі біз өмір сүріп отырған қоғам  техниканың қыр-сырын білуді қажет етіп отыр. Өйткені, ХХІ ғасыр – робототехниканың заманы. Ең бастысы бұл қазіргі кезде трендтегі салалардың бірі.  Күнделікті өмірде барлық салада қолданылатын робототехниканың көмегімен келешекте жарқын өмір сүруге үлкен мүмкіндіктер туып отыр. Мамандардың пікірінше, таяу уақытта адам істейтін жұмыстың тең жартысын  роботтар атқаруы мүмкін. Сондықтан, қазіргі кезде ата-аналар балаларын 1- сыныптан бастап робототехника үйірмелеріне беруге асық. Нәтижесінде балалардың кішкентай кезінен бастап креативтілігі, логикасы  мен жан-жақты ойлау қабілеті дамиды. Бастысы болашақта мамандық таңдауда да өз пайдасын тигізетіні анық.

 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: