ХХІ ғасыр көшбасшысы » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
18
февраль
2020

ХХІ ғасыр көшбасшысы

   18.02.2020ж. Лицейімізде 10 сыныптар арасында "ХХІ ғасыр көшбасшысы" сайысы өткізілді. Сайыста оқушыларға негізінен "Кәсіпкерлік және бизнес негіздері" және "Құқық негіздері" пәндері бойынша логикалық сұрақтар берілді. Оқушылар осы пәндерден жыл бойына алған білімдерін таразылап, сайыста өздерінің алғырлығы мен сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін көрсете білді. Сайыстың қорытындысында лицей директоры Қ.Х. Шадиев оқушыларға өз ризашылығын білдіріп, жүзден жүйрік, мыңнан тұлпан атанған жеңімпаз оқушыларға арнайы дипломдарды табыс етті.
    Ұйымдастырушы: лицейімізде педагогикалық іс-тәжірибеден өтіп жатқан Абай атындағы ҚазҰПУ-дың 5В011500-Құқық және экономика негіздері мамандығының 3 курс студенттері. 
    Жетекшісі: Кәсіпкерлік және бизнес негіздері пәнінің мұғалімі Кутумов Берик Набиұлы.


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: