Ата-аналар лебізі » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
04
апрель
2020

Ата-аналар лебізі

№178 лицейдің 10 "Ә" сынып оқушылары Қуат Анар,  Өмірзақ Арилан,  10 "Ғ" сынып оқушысы Ермуханова Адина, 11 "Ә" сынып оқушысы Молдабаева Саяжанның әжесі 77 жасар Мамырханова Қуаныш анамыз қолдау көрсетіп, ризашылығын білдіруде. 
#Бізбіргеміз! 
#Бізүйдеміз!
[media=https://youtu.be/xdzchKENVDo]


8 "А" сыныбының жетекшісі Жумагулова Сағила Абдуллаевна!

Осындай сәтте сізді және біздің ұжымды, лицейімізді  қолдайтын ата-аналарымызға үлкен алғысымызды айтып, шынайы ризашылығымызды білдіреміз. 
Біздің оқушыларымыз өте білімді, саналы, көркіне орай ақылды және тәрбиелі, мықты екені айдан анық. 
"Жұмыла көтерген жүк жеңіл" дегендей, бұл қиындықтан бәріміз бірге өтеміз. 
Түсіністік танытып, қолдау көрсетіп жатқан ата-аналарымызға мың алғыс! 
Қорытынды тоқсанымыз ойдағыдай өтсін.
Құрметпен,  8 "А" сыныбының оқушысы Назаров Абылайдың ата-анасы.


[media=https://youtu.be/mLfuZtTu1KM]
   

   Құрметті Айжан апай! 
   Мен ана ретінде Сіздің еңбегіңізге алғысымды білдіремін. Балалармен жұмыс жүргізу өте ауыр еңбек екенін түсінемін. Интернетке қаражатыңызды кетіре отырып, ZOOM программасымен қалай жұмыс істеу керек екендігін сіз түсіндіруге міндетті болмасаңыз да сабырлық пен қажырлық танытып балаларға білім беріп, үйретіп келесіз. Сізге ата-ана ретінде рахмет айтамын!
   Бұл    жағдайда барлықтарымыз ғаламтор желісі арқылы сабақ оқуды мұғалімдер ойлап таппағандығын түсінуіміз керек. Осындай қиын қыстау кезеңде ата-аналар, апайымызға және оқушыларға қолдау көрсетуіміз қажет.
   Әр  ата-ана өз баласына жауапкершілікпен қарау керек деп ойлаймын. Интернет арқылы сабақ жүргізу мұғалімдерге де оңай емес, дегенмен балаларға білім беру үшін мұғалімдер бар күштерін салуда. Осындай оқу үрдісіне көшудің де себебі бар ғой. Ата-аналар өз балаларымыздың қашықтықта білім алуына бар күш жігерімізді салып, міндетті түрде оқуға керек жабдықтармен қамтамасыз ету біздің балалар алдындағы парызымыз. Бұның бәрі балаларымыздың болашағына және олардың сабақты жақсы оқып, үлкен жетістіктерге жетулеріне септігін тигізеді. Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға. Осындай қайратты, сабырлы, еңбекқор сонымен қатар таза жүректі асыл ҰСТАЗДАРЫМЫЗҒА шын жүректен ❤️ алғысымды білдіремін!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: