«Алтын күз» байқауы өз мәресіне жетті » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Алтын күз» байқауы өз мәресіне жетті
02
ноябрь
2019

«Алтын күз» байқауы өз мәресіне жетті

  Жас ұрпаққа қоршаған ортадағы құбылыстарды, күздің кереметтілігін айқындап ашуға, табиғатты сүюге үйрету, оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, мәдениетті және жеке тұлғаны қалыптастыру мақсатында Алатау ауданына қарасты №178 лицейдің 9-10 сынып оқушылары арасында «Алтын күз» мерекесі атап өтілді. Мереке барысында сәлемдесу, күз сыйынан дәм тарту, «Күздің бір күнінде...» сияқты  топтық сайыс түрлерінен ұйымдастырылса, күз ханшайымы мен ханзадасы болуға үміткерлер монолог оқу және өз өнерлерімен сайысқа түсті. Оқушылар өздерінің шапшаң ой жүйріктілігін, талғампаздығын, эстетикалық талғамдарын, әдемі болуға деген талпыныстарын байқаудың әрбір шартынан көрсете білді. 
   Байқау қорытындысы бойынша бас жүлдені және «Күз Ханшайымы мен Ханзадасына 10 «д» сыныбының оқушысы Жумашева Медина мен 9 «ә» сыныбының оқушысы Омар Ерасыл иеленді. 
    І орын: 10 «ғ» сыныбының оқушылары Жумасилова Мадина мен Маликов Темірлан.
    ІІ орын: 10 «ә» сыныбының оқушылары  Құрманжан Аружан мен Ораз Бейбарыс.
    ІІІ орын: 9 «б» сыныбының оқушысы Нурумкулова Айзада мен 9 «е» сыныбының оқушысы Оразалы Қуаныш.
   «Ең жарасымды жұп» номинациясының иегері: 10 «а» сыныбының оқушылары Досжанқызы Дариға мен Таңсықбаев Нусрат.
   Мереке лицей директоры Қайратбек Хамзаханұлының қолдауымен және «Ел жастары» клубы оқушыларының ұйымдастырылуымен өткізілді. Мереке өте қызықты, мазмұнды болып, көрермендер мен қатысушылар көп әсер алып қайтты. 




Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: