«Парасатты отбасы» байқауы » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
11
декабрь
2019

«Парасатты отбасы» байқауы

     Алматы қаласы Алатау Ауданы  №178 лицейде 2019 жыл 11 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті, «Алматы – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі және Алматы қаласының білім басқармасы Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын басшылыққа ала отырып парасатты отбасы құндылықтарын насихаттау, отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым-қатынасты қалыптастыру, заманауи жетістіктерге лайықты парасатты тұлғаны дамыту, озат-ойлы, парасатты, қайырымды оқушыны анықтау мақсатында Алатау аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен аудандық «Парасатты  отбасы» байқауы өткізілді. Байқауға 6 отбасы қатысып, үздік деп танылған жанұялар «Шеберлер отбасы», «Өнерлі отбасы», «Жомарт отбасы»  номинациясына ие болды.  І орынды Ақынғали әулеті, ІІ орынды Жұмановтар отбасы және ІІІ орынды Жақсыбаевтар отбасылары иеленіп, Алатау аудандық «Ұстаз» кәсіподақ ұйымы атынан бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: