04
октябрь
2024
Ұстаздар күніне орай дублёр күні өтті.
Ұстаздар күніне орай лицей оқушыларының өзін-өзі басқару ұйымының бастауымен дублёр күні өтті. Мектеп парламенті және 10-11 сыныптың белсенді оқушылары барлық сабақтарда мұғалімдерді алмастырды. Осы жауапты іс-шарада балалар көп дайындалды: мұғалімдермен бірлесе сабақ кестесі мен жоспарын жазды. Таңертеңнен бастап лицейде ерекше атмосфера орнады, оқушылар сабақтарды жүргізудің маңызды екендігін сезіне алады. Күн қорытындысы бойынша дублёр болған оқушылар жиналыс өткізіп, әрқайсысы өз пікірлерімен бөлісті, аталған жұмыстарды жоғары деңгейде атқарып шықты. Іс-шарадан кейін ұстаздарына алғыстарын айтып, ризашылық сезімдерін білдірді.