Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Алматыда ғылым тақырыбына арналған «Jas Galym. Science Quest» фестивалі өтті » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Алматыда ғылым тақырыбына арналған «Jas Galym. Science Quest» фестивалі өтті
31
май
2024

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Алматыда ғылым тақырыбына арналған «Jas Galym. Science Quest» фестивалі өтті

      Биыл халықаралық балаларды қорғау күніне орай Алматыда ғылым тақырыбына арналған «Jas Galym. Science Quest» фестивалі өтті. Фестивальге Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қатысып, жас ғалым-балалармен жүздесті.
      Мемлекет басшысы оқушылармен бірге «Science», «Engeneering», «Art», «Technology» және «Mathematics» стансаларын аралап көрді. Президентке «Engeneering» стансасын №178 мамандандырылған лицейдің 8-сынып оқушысы Шалияз Санжар таныстырды. 
     Квест форматында ұйымдастырылған шарада лицейіміздің 8-сынып оқушылары Нарынбай Әубәкір мен Тәліпжан Төре өз қолдарымен жасаған физикалық туындыларын көпшілік назарына ұсынды: «Энергия маятнигі», «Паскаль жұмбағы», «Қалықтаған шар»,  «Ньютон шарлары», «Сиқырлы трансформатор», «Тесла шарғысы», «Жылу генераторы», «Ультрабыдыс». 
    Лицейіміздегі жас зерттеушілердің ғылыми ізденісі мен шығармашылығын шыңдауға, оларға зор үміт бергені үшін Алматы қаласы Білім басқармасына және «Алматы дарыны» орталығына өз ризашылығымызды білдіреміз. 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: