«Лицейім, саған мың алғыс!» атты салтанатты жиын өтті » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Лицейім, саған мың алғыс!» атты салтанатты жиын өтті
27
май
2024

«Лицейім, саған мың алғыс!» атты салтанатты жиын өтті

     №178 мамандандырылған лицейде «Лицейім, саған мың алғыс!» атты  салтанатты жиын өтті. Жиында лицей директоры Шадиев Қайратбек Хамзаханұлы оқушылар мен ұстаздарды мерекелерімен құттықтап, мектеп бітіруші түлектерге ақ тілегін жеткізді. Сонымен бірге шетелдік және еліміздің беделді ЖОО-ның білім ГРАНТына ие болған 14 түлек марапатталды.  
     Лицейіміздің ата-аналары Алматы қаласы Алатау ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Қалдарбеков Ербол Оспанұлы мен "AMANAT" партиясы Алатау аудандық филиалының бөлім басшысы Ахмеджанова Салтанат Дәруішқызы сөз алып, лицей басшылығы мен ұстаздарға ризашылығын білдіріп, түлектерге ақ жол тіледі.
     Түлектер ұстаздарына ән шашулары мен әсем билерін арнап, лицейге ізгі тілектерін жолдады. Салтанатты шараның соңында түлектер лицей вальсін биледі. Осылайша, лицейіміздің табалдырығынан үлкен өмірге 236 түлек жолдама алды: 236 арман, 236 үміт! Сәт сапар саған, жас түлек - 2024!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: