«Сыңғырла, соңғы Қоңырау!» атты салтанатты жиын өтті. » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Сыңғырла, соңғы Қоңырау!» атты салтанатты жиын өтті.
01
июнь
2023

«Сыңғырла, соңғы Қоңырау!» атты салтанатты жиын өтті.

№178 мамандандырылған лицейде «Сыңғырла, соңғы Қоңырау!» атты салтанатты жиын өтті.
Салтанатты жиын шымылдығын лицей оқушыларынан құралған домбырашылар оркестрі ашты. Одан кейін еліміздің Әнұраны орындалып, алғысөз лицей директоры Шадиев Қайратбек Хамзаханұлына берілді. Қайратбек Хамзаханұлы оқушылар мен ұстаздарды мерекелерімен құттықтап, мектеп бітіруші түлектерге ақ тілегін жеткізді. Жиын барысында, түлектер ұстаздарына әншашулары мен әсем билерін арнап, ізгі тілектерін жолдады. Сонымен қатар лицей бітіруші түлектерінің ата-аналары атынан Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген мұғалімі, Құрмет орденінің иегері, профессор Әшірбеков Сағынбек Әшірбекұлына және Шығысова Гаухар Жақсылыққызы сөз алып, лицей басшылығы мен ұстаздарға ризашылығын білдіріп, түлектерге ақ жол тіледі.
Салтанатты шараның соңында түлектер аспанға көгершіндерді ұшырып, қоштасу вальсін биледі.
Иә, лицейіміздің табалдырығынан аттап, тарыдай болып кіріп, таудай болып шығып, бала шақтан болашаққа, үлкен өмірге 194 түлек жолдама алды: 194 арман, 194 үміт, осынша сенім мен сан түрлі тағдыр.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: