Ғылым қызметкерлері күні мен академик Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына орай оқушыларға арналған форум өтті » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ғылым қызметкерлері күні мен академик Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына орай оқушыларға арналған форум өтті
11
апрель
2024

Ғылым қызметкерлері күні мен академик Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына орай оқушыларға арналған форум өтті

      Қазақстан Президенті Іс басқармасының Президенттік орталығында еліміздегі Ғылым қызметкерлері күні мен академик Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына орай оқушыларға арналған «Ғылыми білім, инновация және жастар – тұрақты даму негіздері» атты халықаралық ғылыми форум өтті. 
      Іс-шараны балалардың ғылыми шығармашылығын көтермелеу және қазақстандық оқушыларды халықаралық ғылыми қоғамдастыққа кеңінен тарту мақсатында ұйымдастырды. Форум жұмысына Қытай, Пәкістан, Тунис, Индонезиядан келген ғылымды дәріптеушілер, сондай-ақ Қырғызстан, Өзбекстан және еліміздегі оқушылар мен мұғалімдер қатысты.№ 178 мамандандырылған лицейдің білім шыңына ұмтылған дарынды оқушылары Нышанбай Ажар мен Жандарбек Тоғжан қатысып, Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрінің Алғыс хатымен марапатталды.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: