ҚЫЗ ТӘРБИЕСІ – ҰЛТ ТӘРБИЕСІ » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
24
январь
2024

ҚЫЗ ТӘРБИЕСІ – ҰЛТ ТӘРБИЕСІ

     «Қыз өссе – елдің көркі,
Гүл өссе – жердің көркі» – дейді дана халқымыз. Қызға қырық үйден тыйым деп те жатады. Қыз баланы тәрбиелеу – ұлтты тәрбиелеу деген сөз. Отбасы – қоғамның бір бөлшегі. Ал отбасының алтын қазығы – әйел адам. Бесігінде жақсы тәрбие алған, үлгі-өнеге көрген қыз бала – бүкіл бір ұлттың тағдыры мен болашағы. Осыған орай, №178 мамандандырылған лицейдің 9-11 сынып оқушы қыздарына психологиялық қолдау көрсету мақсатында «ҚЫЗ ТӘРБИЕСІ – ҰЛТ ТӘРБИЕСІ» тақырыбында қыздар жиналысы өтілді. Іс-шараға лицейіміздің психологы Ж.А.Агажанова  және 9-10 сыныптың қыздары қатысты. Іс-шара барысында лицей психологы қазіргі таңдағы қыздар арасында белең алып жүрген мәселелер туралы сөз қозғап, «Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі» тақырыбында баяндама оқып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

   

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: