«Ұлттық мектеп лигасы» аясында 9-11 сынып оқушыларының арасында шахматтан аудандық іріктеу жарысында лицей командасы 1-орынды қанжығалады » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Ұлттық мектеп лигасы» аясында 9-11 сынып оқушыларының арасында шахматтан аудандық іріктеу жарысында лицей командасы 1-орынды қанжығалады
17
январь
2024

«Ұлттық мектеп лигасы» аясында 9-11 сынып оқушыларының арасында шахматтан аудандық іріктеу жарысында лицей командасы 1-орынды қанжығалады

     17.01.23 күні Алматы қаласы Алатау ауданы № 91 ЖББМ-те «Ұлттық мектеп лигасы» аясында 9-11 сынып оқушыларының арасында шахматтан аудандық іріктеу жарысы өтті. Турнирге аудан мектептерінен іріктелген ең мықты деген алпысқа жуық шахматшылар қатысты. Таланттарды анықтау мақсатында ұйымдастырылған жарыста оқушылар өзара бақ сынасты. Жарыс қызықты, әрі тартысты өтті. 
     Шахмат — ақыл ой мен қырағылықты қатар қажет ететін интеллектуалды ойын. Шахмат — логикалық ой-өрісті дамытатын, әлемдегі ең танымал спорт түрлерінің бірі. Онымен айналысатын кез келген адам әр қадамын аңдап, есеппен басуға дағдыланады. Демек, бұл спорт біздің бүлдіршіндеріміздің де жан-жақты дамуына ықпал етеді.  Жарыс соңында жеңімпаздар анықталып, мақтау қағаздарымен марапатталды. Нәтижесінде:  №178 мамандандырылған лицей командасы 1-орынды қанжығаларына байлап, қалаға жолдама алды. Жеңімпаз оқушыларымызды жеңістерімен құттықтаймыз! Алдағы уақытта болатын қалалық жарыста жеңіс, сәттілік тілейміз!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: