ТӘУЕЛСІЗДІК - ЕЛІМНІҢ ЕРЛІК ЖОЛЫ! » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
15
декабрь
2023

ТӘУЕЛСІЗДІК - ЕЛІМНІҢ ЕРЛІК ЖОЛЫ!

     Ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандап өткен тәуелсіз ел болу мәртебесін көру – бүгінгі ұрпаққа бұйырған зор бақыт. Бұл күнді атап өту – тәуелсіздікті нығайту жолындағы өлшеусіз еңбектің бүгінгі белесін қорытындылайтын мерейлі сәт.
     Бүгін, №178 мамандандырылған лицейде Тәуелсіздік мерекесіне орай  «Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы!» атты салтанатты іс-шара өткізілді.
Мерекелік кеште директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Г.А.Байтелиева лицей қауымын ұлтымыздың ұлық мерекесі Тәуелсіздік күнімен құттықтап,  азаттық алған жылдар ішіндегі еліміздің толағай табыстарын саралай келе, ұстаздарға салтанатты түрде алғыс хаттар табыстады. 
Күмбірлеген домбыра үнінен бастау алған салтанатты шара лицей өнерпаздарының мерекелік концертіне ұласып, көрермендер әдемі би мен әсем әндеріне қанықты.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: