№178 мамандандырылған лицей – оқушылардың сүйікті ордасы және даму шеңберінің бастамасы » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » №178 мамандандырылған лицей – оқушылардың сүйікті ордасы және даму шеңберінің бастамасы
30
ноябрь
2023

№178 мамандандырылған лицей – оқушылардың сүйікті ордасы және даму шеңберінің бастамасы

  Мамандық - бүкіл саналы ғұмырымыздың айнасы. Пенде талаптары қараңғыдағы сіріңке іспеттес, ал мамандықты дұрыс таңдау – өмір оты. Лапылдап жанған сіріңкемен оң жол іздейсің бе, әлде сол жолдың қисық-қыңыр, кедір-бұдырымен жүресің бе? Әлбетте, бәрі өз қолыңда. 
 Нақтылық пен мамандық таңдаудағы опцияларды көбейтіп, тереңінен танып-білу мақсатында Біз, № 178 мамандандырылған лицейдің жас түлектері, Тілеужан Әбілқайыр Егізбайұлының  қолдауымен  әлемдік рейтингте 100 сатыға жоғары көтерілген Қазақстан Республикасындағы ең көне жоғары оқу орындарының бірі – Сәтбаев университетіне қадам бастық. Киелі шаңыраққа кірген бойда экскурсоводшылар университеттің ішкі корпустарының ерекшеліктері мен тарихқа тұнып тұрған архивімен таныстырды. Байқағаным, ғимарат дизайны заманауи талаптарға сай гаджеттермен қамтамасыз етіліп, «loft», «винтаж» элементтерімен айрықша  өзіндік эстетикалық вайб құрайды екен. Тіпті, жай ғана дәліз қабырғалары жан-жақты дамуға мүмкіндік береді. Бір жерде автокөлік жайлы ақпараттар болса, бір жерде технологияның даму эволюциясы жайлы «мини-көрме» орналасқан. Ал, білім жағына тоқталсақ, бұл оқу орнында атақты профессорлар мен әртүрлі категориядағы ғылыми жетістіктерге ие ұстаздар сабақ береді екен. Лекциялар жеңіл әрі еркін форматта өтеді, сол күні сәті түсіп бізге оқу процесіне де куә болу бұйырды. Экскурсия тек оқу орнының ішінде емес, одан тыс робототехника лабороториясында да болды, ғылымының жаңа жаңалықтарына бір шолу жасадық. 
 Бұл саяхат тарихта өшпес ізін қалдырып, санамыздағы естеліктер қатарының төрінен орын алғаны сөзсіз. Тек мамандық туралы емес, жалпы өмір мен ондағы мән-мағына, мақсат жайлы шашыраңқы ойларды жинақтап, болашақтың тағы бір баспалдағын қаладық. Осы күнді ертең жылды жыл жамап, қарбалас өмірдің тынымсыз тігісіне түскенде, мүмкін тосыннан еске алып, «ностальгия» деп киелі ғылымның қара шаңырағына қайта оралармыз!
Құрметпен, 10 "Е" сынып оқушысы Берікқызы Нұрғазиза.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: