Білім беру саласындағы цифрлық технологиялар бойынша өткен EdCrunch X халықаралық конференциясы » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Білім беру саласындағы цифрлық технологиялар бойынша өткен EdCrunch X халықаралық конференциясы
16
ноябрь
2023

Білім беру саласындағы цифрлық технологиялар бойынша өткен EdCrunch X халықаралық конференциясы

     2023 жылдың 15-16 қараша күндері EdCrunch X білім беру саласындағы цифрлық технологиялар бойынша халықаралық конференция Алматы қаласында өтті. Конференцияға №178 мамандандырылған лицей әкімшілігі мен пән мұғалімдері қатысып, әлемдік білім саласындағы озық сарапшылардың кейс-сессияларынан, нетворинктерінен, TED конференцияларынан тәжірибе жинап қайтты. Конференцияда оқушыны сабаққа қалай қызықтыруға болатыны, оқушыларды жаңалықтар ашуға баулу, дарынды балаларды қолдау, ата-аналарды баласымен сабаққа қатыстырып, ашық есік күнін орнатумен қоса инклюзивті білім, жасанды интеллект туралы айтылды. Ұстаз заман талабына сай үнемі ізденісте болуын дәлелдейтін бұл конференция – жаңа технологияларды қолдана отырып, оқушыға білім берудің тиімді жолдарын ұсынатын, креативті идеяларды таратып, бірлесе атқарылған қызметтердің нәтижесін көрсетті. Сондай-ақ EdTech көрмесін тамашалаған ұстаздар білім қоржынын жаңа идеялармен толықтырды.
 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: