«Инновациялық оқытудың кейбір ерекшеліктері» тақырыбында қалалық шебер-сынып өткізілді. » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Инновациялық оқытудың кейбір ерекшеліктері» тақырыбында қалалық шебер-сынып өткізілді.
02
ноябрь
2023

«Инновациялық оқытудың кейбір ерекшеліктері» тақырыбында қалалық шебер-сынып өткізілді.

     №178 мамандандырылған лицейде Алматы қаласы Білім басқармасы қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының қолдауымен «Инновациялық оқытудың кейбір ерекшеліктері» тақырыбында қалалық шебер-сынып өткізілді. Шеберлік сыныпқа осы орталықтың оқу ісі жөніндегі бөлімнің физика, математика пәндерінің әдіскері Н.Б.Жакыпова және Алматы қаласы білім беру ұйымдарының физика пәні мұғалімдері қатысты.
Физика пәнінің мұғалімдері Д.К.Курманжан, Д.С.Ікрәм шеберлік сыныпқа қатысушыларды «Space 178» инновациялық зертхана орталығының жұмысымен таныстырды.
Лицей директор К.Х.Шадиев мұғалім қызметінің жалпы және кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруда жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану, тәжірибе алмасудың маңыздылығын айта келе, шеберлік сыныпқа қатысушылардың жұмысына сәттілік тіледі. ҚББЖТҒӘО оқу ісі жөніндегі бөлімнің физика, математика пәндерінің әдіскері Н.Б.Жакыпова мұғалімдерінің өзара тәжірибе алмасып, шығармашылық ой бөлісуіне қол жеткізудің сатылық көрсеткіштерін атап өтті.
Халықаралық тағылымдамадан өткен физика пәнінің мұғалімі педагог-шебер Г.Н.Слямгалиева, математика пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші Т.Б.Сағиолданов «Сингапур білім беру жүйесінің ерекшеліктері» туралы әріптестерімен ой бөлісті.
Практикалық бөлімде физика пәнінің мұғалімдері Г.Н.Слямгалиева, С.Т.Көшербаева «Inner-outer circle» (ішкі және сыртқы шеңберлер), «Stir the classroom with GROW» (Сыныпты араластыру), «Құлаған мұнара» эксперименті, «Өзара қарым-қатынастың ойын лабораториясы» шеберлік сыныптарында сабақтың өнімділігін беретін әдіс-тәсілдерімен бөлісті.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: