28
сентябрь
2023
«Шаңырақ» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында 1-қазан Қарттар күніне арналған «Қариясын қадірлеген елде қасиет бар!» атты мерекелік іс-шара өтті.
Адамның өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі – ол баланың ата-анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де есінен шығармауында. Қарт кісіні құт-береке деп танысақ – ол ұрпақ көрегендігі.
2023 жылғы 28 қыркүйекте «Шаңырақ» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында 1-қазан Қарттар күніне арналған «Қариясын қадірлеген елде қасиет бар!» атты мерекелік іс-шара өтті. Іс-шара мақсаты - оқушыларға ұлттық қадір-қасиеттер, имандылық, үлкенді қадірлеу, үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсету керектігін түсіндіру.
Сіздерсіздер бүгінгі ұлықпандар,
Мың жасаған ұрпақпен ұлық жандар.
Қарттар тарих, қазына, ел қазығы,
Ей, адамзат, осыны ұмытпаңдар! – деп, қарттарымызды мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!