«Барлығы бала бақыты үшін!» атты жалпы ата-аналар жиналысы өтті. » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Барлығы бала бақыты үшін!» атты жалпы ата-аналар жиналысы өтті.
15
сентябрь
2023

«Барлығы бала бақыты үшін!» атты жалпы ата-аналар жиналысы өтті.

      2023 жылғы 15-қыркүйекте №178 мамандандырылған лицейде «Барлығы бала бақыты үшін!» атты жалпы ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыс алғысөзін алған лицей директоры Шадиев Кайратбек Хамзаханұлы ата-аналарды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, тілек-лебізін білдіріп өтті. 
     Жиналыс барысында, 2023-2024  оқу жылындағы оқу үдерісіндегі ерекшеліктері жайлы ДОІЖО Гүлнар Әшімқызы Байтелиева мен БПБДО Жанар Рысқұлбекқызы Есмолдаева тоқталып өтсе, ДТІЖО Берік Нәбиұлы Кутумов тәрбие үдерісі бойынша негізгі мәселелерімен таныстырды. Сонымен қатар, психолог Раушан Дәулетқызы "Даралық және қабілет. Бала шабытты қайдан алады?" тақырыбында мәлімет беріп, пікір алмасты. Жиналыс соңында "Ыбырай Алтынсарин" медалі мен "Құрмет" орденінің иегері, ардагер ұстаз Әшірбеков Сағынбек Әшірбекұлы "Әке жолы - ізгі жол!" тақырыбында өмірлік өсиетін айтып, ата-аналармен ақыл-кеңестерімен бөлісті.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: