«2023-2024 оқу жылында оқу үдерісін ұйымдастыру: педагогикалық ұжым қызметінің мақсаты, міндеттері, бағыттары» тақырыбында №1 педагогикалық кеңес өтті » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «2023-2024 оқу жылында оқу үдерісін ұйымдастыру: педагогикалық ұжым қызметінің мақсаты, міндеттері, бағыттары» тақырыбында №1 педагогикалық кеңес өтті
31
август
2023

«2023-2024 оқу жылында оқу үдерісін ұйымдастыру: педагогикалық ұжым қызметінің мақсаты, міндеттері, бағыттары» тақырыбында №1 педагогикалық кеңес өтті

     №178 мамандандырылған лицей жұмыс жоспарына сәйкес 2023 жылдың 31 тамыз күні «2023-2024 оқу жылында оқу үдерісін ұйымдастыру: педагогикалық ұжым қызметінің мақсаты, міндеттері, бағыттары» тақырыбында №1 педагогикалық кеңес өтті.
Педагогикалық кеңес алғысөзін лицей директоры К.Х. Шадиев алып, кеңесте қаралатын негізгі мәселелерге тоқталып өтті. Сонымен қатар, лицей ұжымын Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің 2023-2024 оқу жылының басталуы туралы бұйрығымен таныстырды.
     2022-2023 оқу жылын қорытындылау, алға қойылған міндеттер, Педагогтың құқықтары мен міндеттері және Педагогикалық әдеп туралы директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Г.А.Даулетбаева баяндама жасап, алдағы негізгі міндеттерге тоқталды.
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Г.А.Байтелиева мен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Н.Кутумов 2023-2024 оқу жылына арналған оқу-тәрбие жоспары және лицейішілік бақылау жоспарын талдау, бекіту жайлы мәлімдесе, лицей әлеуметтік педагогы М.А.Нұғыман «Мектепке жол» республикалық акциясының жүргізілу барысымен бөлісті.
Педагогикалық кеңес соңында физика пәнінің мұғалімі Г.Н.Слямгалиева мен математика пәнінің мұғалімі Т.Б.Сағиолданов білім беруде көсбасшы мемлекеттермен тәжірибе алмасу мақсатында «Алматы мектептері» жобасы аясында өткізілген Сингапур мемлекетіндегі іс-сапар барысындағы тәжірибелерімен бөлісіп, «өзара қарым-қатынастың ойын лабораториясы» тақырыбында шеберлік-сынып көрсетті.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: