Лицейде оқушылары мен ұстаздарының арасында шахматтан челлендж өтті. » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Лицейде оқушылары мен ұстаздарының арасында шахматтан челлендж өтті.
12
апрель
2023

Лицейде оқушылары мен ұстаздарының арасында шахматтан челлендж өтті.

Алматы қаласы білім басқармасы «Қалалық дене шынықтыру және спорт оқу – тәжірибелік орталығы», Қазақстан Республикасы Оқу – ағарту министрлігінің ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 12 сәуір күні Астана уақытымен 12:00-де республиканың барлық мектептерінде, мектептен тыс ұйымдарында және колледждерінде, соның ішінде №178 мамандандырылған лицейдің оқушылары мен ұстаздарының арасында шахматтан челлендж өтті. Челлендждің мақсаты – шахмат арқылы балалардың зияткерлік және ақыл-ой қабілеттерін дамыту. Шахмат челленджі республикада алғаш рет өткізіліп отыр және республиканың мәдени өміріндегі бірегей оқиға болып табылады. Шахмат челленджі жалпы, орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы балалар мен жасөспірімдердің, педагогтердің арасында аталмыш спорт түрінің бұқаралық сипатта дамығанын, жарқын жетістіктерін көрсетуге мүмкіндік береді. Челлендж – еліміздің барлық білім беру ұйымдарын біріктіретін, мерекелік көңіл-күй сыйлайтын, оқушылардың зияткерлік ойындарға қызығушылығын арттыратын ауқымды республикалық акция.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: