«Мұғалімнің ақпараттық және коммуникативтік құзырлығын қалыптастыру» тақырыбында №3 Әдістемелік кеңес өтті. » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Мұғалімнің ақпараттық және коммуникативтік құзырлығын қалыптастыру» тақырыбында №3 Әдістемелік кеңес өтті.
29
декабрь
2022

«Мұғалімнің ақпараттық және коммуникативтік құзырлығын қалыптастыру» тақырыбында №3 Әдістемелік кеңес өтті.

2022 жылдың 29 желтоқсанында №178 мамандандырылған лицейде «Мұғалімнің ақпараттық және коммуникативтік құзырлығын қалыптастыру» тақырыбында №3 Әдістемелік кеңес өтті. Әдістемелік кеңес жұмысы екі бөлімді қамтыды. Сессия залдарында «Тиімді оқыту: Оқушылардың үлгерімі үшін қажетті дағдылар», «Сабақтың тиімділігін арттырудағы интеллектуалды ойлаудың мүмкіндіктері», «Білім берудегі жаңаша контент», «Функционалдық сауаттылықты дамыту негіздері», «Жаратылыстану пәндерін оқыту: технологиялар мен тәжірибе алмасу», «Оқушылармен қарым-қатынасты ұйымдастырудың ерекшеліктері» тақырыптарымен модераторлар М.Нурмухамедова, Л.Бейсенбекова, Л.Амалбекова, М.Дуйсенбекова, Ж.Тастанова, Б.Досымова білім берудегі жаңа технологиялар туралы ақпарат алмасты, талқылады және тәжірибе бөлісті.
Лицей директоры Кайратбек Хамзаханович пен әкімшілік мүшелері сессия залында өткен іс-шараларға қатысып пән мұғалімдерінің ізденіс пен шығармашылық жұмыстарына сәттілік тіледі.
Екінші бөлімде модераторлар тағайындаған спикерлердің кері байланысы жүргізіліп лицей ұжымымен ақпарат алмасты.
Әдістемелік кеңес соңы түрлі-түсті кешке алмасты.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: