«Дидактикалық материалдарды дайындау көрмесі» өткізілді. » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Дидактикалық материалдарды дайындау көрмесі» өткізілді.
12
декабрь
2022

«Дидактикалық материалдарды дайындау көрмесі» өткізілді.

2022 жылдың 12 желтоқсанында Алматы қаласының дарынды балаларға арналған №178 мамандандырылған лицейде «Дидактикалық материалдарды дайындау көрмесі» өткізілді.
Іс-шараның ұйымдастырушылары Жаратылыстану және география институтының педагогикалық іс-тәжірибе жетекшілері Гүлжанат Сейткамалқызы Камиева, Ерлан Қадырұлы Бірталаев, институт директорының тәрбие ісі жөнінідегі орынбасары Серік Бакирұлы Бакиров және 4 курс студенттері.
Көрменің құрметті қонақтары «Мансап» орталығының жетекшісі Сауле Жантөреқызы Калибекова, профессор Жеңіс Әкімжанұлы Шоқыбаев, профессор Жұмаділ Байділдәұлы Шілдебаев, доцент Салтанат Абилмажиновна Абилмажинова, Алматы қаласы «Оқушылар сарайынің» экологиялық-биологиялық бөлімінің қызметкері Индира Турдакынқызы Куралбаева, №167 орта мектептің мұғалімі Эльмира Мұқанқызы Ахметова, №172 мектеп-гимназияның мұғалімі Нурбиби Мирзатайқызы Талдыбекова, дарынды балаларға арналған №178 мамандандырылған лицей директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Берік Нәбиұлы Кутумов, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Гулнар Әшімқызы Байтелиева, лицейдің ұстаздары, оқушылары және институт оқытушылары болды.
Студенттер LED интерактивті тақтадан педагогикалық іс-тәжірибе барысында әр мектепте ұйымдастырған көрмелерінің бейнежазбаларын, сабақ барысындағы қолданған әдістерінің бейнежазбаларын, STEM технология материалдарын және дидактикалық материалдар топтамаларын «Практикант сайты» парақтарынан көрсетті. Бұған қоса 4 курс білім алушылары оқу процессінде пайдалануға болатын әр түрлі заттардан жасаған дидактикалық материалдарын ұсынды. Көрме сайысы жоғары деңгейде өтіп, білім алушылар өзара тәжірибе алмасты. Іс-шара соңында 4 курс білім алушылары мен мектеп мұғалімдері арнайы алғыс хаттармен марапатталды.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: