Ақпанда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның алдағы әлеуметтік-экономикалық даму бағыттарын айқындап берді. » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ақпанда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның алдағы әлеуметтік-экономикалық даму бағыттарын айқындап берді.
25
апрель
2022

Ақпанда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның алдағы әлеуметтік-экономикалық даму бағыттарын айқындап берді.

     Белгілі ғалым, экономист Жақсыбек Құлекеев Президентке еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму перспективалары туралы көзқарасын білдіріп, жаһандық геосаяси дағдарыс жағдайында ұлттық экономиканы дамыту жөнінде ұсыныстарын жеткізді.
Ақпанда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның алдағы әлеуметтік-экономикалық даму бағыттарын айқындап берді. Жаңа Үкіметті еліміздің экономикалық әлеуетін толық қалпына келтіруге міндеттеді. Соның ішінде басты міндет ретінде жоспарланған реформаларды жүзеге асыруды және инфляцияны төмендетуді белгіледі.
Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында Үкімет әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын ұстап тұру мақсатында апта сайын кеңес өткізеді. Соңғы мәліметтер бойынша қазір Қазақстанда азық-түліктің, оның ішінде сиыр еті, картоп, ұн, жұмыртқа, сүт және т. б. едәуір қоры бар.
Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауда қазіргі күрделі халықаралық жағдайда еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды екенін айтты. Сондықтан азық-түлік тапшылығы мен бағасының жөнсіз қымбаттауының алдын алу үшін ауыл шаруашылығы өнімдерін форвардтық сатып алуды тапсырды.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: