ХХІ Халықаралық «Жібек жолы» олимпиадасы өткізілді. » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ХХІ Халықаралық «Жібек жолы» олимпиадасы өткізілді.
10
март
2022

ХХІ Халықаралық «Жібек жолы» олимпиадасы өткізілді.

🎯 БЕКСҰЛТАН "ЖІБЕК ЖОЛЫ" ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОЛИМПИАДАСЫНДА ТОП ЖАРДЫ
✅ 2022 жылғы 8-9 наурызда Алматы қаласында математикадан ХХІ Халықаралық «Жібек жолы» олимпиадасы өтті. Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан, Түркия, Әзірбайжан, Қытай, Тәжікстан және т.б. елдердің жас математиктері күрделі де қызықты тапсырмаларды орындап, өзара бақ сынасты.
🏆 Олимпиада нәтижесі бойынша, №178 мамандандырылған лицейдің 11-сынып оқушысы Құрманбек Бексұлтан 🥉ҚОЛА МЕДАЛЬ жеңіп алып, математикадан жоғары жетістікке жетті. Пән мұғалімі Б.Т. Китапбаеваның жетекшілігімен білімді де дарынды шәкіртіміз білім додасынан сынаққа түсіп, топ жарды.
✅Ұстазымыз бен дарынды шәкіртімізді жеткен жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз! Қанаты талмай, биікке самғап, белестерді бағындыра бергейсіздер!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: