«ҮЗДІК АВТОРЛЫҚ БАҒДАРЛАМА» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫ » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «ҮЗДІК АВТОРЛЫҚ БАҒДАРЛАМА» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫ
08
февраль
2022

«ҮЗДІК АВТОРЛЫҚ БАҒДАРЛАМА» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫ

«ҮЗДІК АВТОРЛЫҚ БАҒДАРЛАМА» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫ
«Дарын» РҒПО 2022 жылдың 1-2 наурыз күндері аралығында Алматы қаласындағы «Алтын Қарғалы» шипажайының базасында «Үздік авторлық бағдарлама» республикалық конкурсын өткізеді.
Конкурсқа 5 жылдан астам еңбек өтілі бар педагогтер, балабақша тәрбиешілері, қосымша білім беру ұйымдарының, оқу-әдістемелік орталықтардың әдіскерлері қатыса алады. Командалық авторлық жұмыстар қабылданбайды. Конкурсқа бұрын қорғалған жұмыстар жіберілмейді.
Конкурстың қорытынды кезеңі келесі бағыттар бойынша өтеді:
1) білім берудегі менеджмент;
2) бастауыш мектеп, мектепке дейінгі білім;
3) психологиялық қызмет, әлеуметтік педагогика, өзін-өзі тану;
4) ғылыми-жаратылыстану бағытындағы пәндер бойынша;
5) физика-математикалық бағытындағы пәндер бойынша;
6) қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы пәндер бойынша;
7) қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы пәндер бойынша;
😎 эстетикалық пәндер бойынша.
Конкурсқа қатысу үшін жергілікті білім басқармасымен бекітілген сұранысты және авторлық бағдарламаның электрондық нұсқасын 15 ақпанға дейін берілген үлгі бойынша электрондық поштаға. g.berdenova@daryn.kz жіберу қажет.
Конкурс ережелері мен сұраныс үлгісі www.daryn.kz сайтында орналастырылған.
====== WWW.DARYN.KZ ======

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: