5-6 сынып оқушыларына арналған VII Республикалық «Алтын сақа» олимпиадасының қалалық кезеңі өтті. » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 5-6 сынып оқушыларына арналған VII Республикалық «Алтын сақа» олимпиадасының қалалық кезеңі өтті.
24
декабрь
2021

5-6 сынып оқушыларына арналған VII Республикалық «Алтын сақа» олимпиадасының қалалық кезеңі өтті.

«Алматы дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталық пен «Зерделі» ақыл-ой дамыту мектебінің филиалы бірлесе өткізген 5-6 сынып оқушыларына арналған VII Республикалық «Алтын сақа» олимпиадасының қалалық кезеңінде №178 мамандандырылған лицейдің 6-сынып оқушылары Мұрат Ернұр мен Рашит Досымжан ІІ орынға ие болды, ал Халмет Ернар олимпиаданың арнайы грамотасымен (ІV орын) марапатталды.
«Алтын сақа» олимпиадасының қалалық кезеңінің қорытындысы бойынша, жалпы командалық есепте №178 МЛ жүлделі ІІ орынды қанжығасына байлады. Олимпиада жүлдегерлерін жеңістерімен құттықтаймыз!!!
Алматы қаласының намысын республикалық олимпиадада қорғайтын Мұрат Ернұрға сәттілік тілейміз!!!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: