22
ноябрь
2021
«Жалпыадамзаттық құндылықтар – отбасы тәрбиесінің негізі» тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті
№178 мамандандырылған лицейде 23-қараша «Жалпыадамзаттық құндылықтар» күнін мерекелеу қарсаңында 11-сыныптың ата-аналарымен «Жалпыадамзаттық құндылықтар – отбасы тәрбиесінің негізі» тақырыбында жиналыс өткізілді. Жиналыста әрбір адам өмірге адал өмір сүру, адамдарға риясыз қызмет ету, салауатты өмір салтын ұстану, кез-келген жағдайда сабырлық сақтап, ақыл-парасатқа жүгіну, ешкімге ешнәрсеге қиянат жасамау секілді рухани-адамгершілік қасиеттерді баланың бойына үздіксіз дарыту керектігі арқау болды.