"Отбасы құндылықтары" тақырыбында қыздар жиналысы өткізілді. » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Отбасы құндылықтары" тақырыбында қыздар жиналысы өткізілді.
13
апрель
2021

"Отбасы құндылықтары" тақырыбында қыздар жиналысы өткізілді.

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.П.Дуйсенбекованың ұйымдастыруымен “Қыз Жібек” қыздар клубының жоспарына сәйкес, "Отбасы құндылықтары" тақырыбында қыздар жиналысы өткізілді. Жиналыстың мақсаты: әр отбасының бала тәрбиесіне белсене қатысуының маңызын арттыру. Баланың мейірімді, сыпайы әдеттерді бойына сіңіріп өсу жолдарын ата-аналармен бірлесе қарастыру. Ата- ана, ұстаз, оқушы арасындағы ынтымақтастықты нығайту. Бала мен ата-ана арасындағы махаббатты, сүйіспеншілікті арттыра түсу. Отбасы татулығын нығайтуға ықпал ету.
Әрбір отбасының өз құндылықтары болады: өзара сыйластық, қолдау, адалдық, түсіністік, үлкенге-ізет, кішіге-құрмет, ауызбіршілік, сенім арту. Отбасы-жас ұрпақ тәрбиесінің қайнар көзі. Отбасында өмірдің мәнін оның мақсаты мен міндеттерін, құндылықтарын игереді, басқалармен қарым- қатынас жасау дағдыларын, өмірлік ұстанымдарын қалыптастырады, өзін- өзі ұстаудың нормалары мен мінез-құлқын реттеудің өлшемдерін меңгереді. Демек, отбасы- адам баласының алтын діңгегі, оның адамзат ұрпағына деген ықпалын өмірдегі басқа еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайды. Жас ұрпақты отбасылық құндылықтарымызды бағалауға, оларды сақтай отырып, келер ұрпаққа жеткізуге тәрбиелеу бүгінгі таңның өзекті мәселесі.
Қыздар жиналысының өткізілуіне өз үлестерін қосқан 6 сынып жетекшілері Исабаева Балмира Таупыккызы мен Кайрбаева Майра Ануарханқызы. Лицейдің педагог-психологі Ш.Асиловаға қыздардың тарапынан сұрақтар қойылды. Сұрақтарға тұшымды жауаптар алынды. Қыздарға кеңінен кеңестер беріп өтті. Жиналыс жоғары дәрежеде өткізілді.






Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: