«ҰБТ-ға сеніммен барайық» тақырыбында 11«Е»,11«Г» сынып оқушыларына психологиялық трениг өткізілді » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «ҰБТ-ға сеніммен барайық» тақырыбында 11«Е»,11«Г» сынып оқушыларына психологиялық трениг өткізілді
13
май
2021

«ҰБТ-ға сеніммен барайық» тақырыбында 11«Е»,11«Г» сынып оқушыларына психологиялық трениг өткізілді

      №178 мамандандырылған лицей педагог-психологі Шолпан Асилованың ұйымдастыруымен оқушыларды қорытынды аттестаттауға және ҰБТ-ға дайындық жасау мақсатында «ҰБТ-ға сеніммен барайық» тақырыбында 11«Е»,11«Г» сынып оқушыларына психологиялық тренинг өткізді. Іс-шараның басты мақсаты - оқушылардың стресстік жағдайларды жеңе білуге және ҰБТ кезінде өздеріне сенімділіктерін арттыра түсуге көмектесетін психологиялық сұрақ-жауап, яғни қорқынышты, үрейді болдырмау. 
Іс-шара барысында барлық оқушылардың білім алу мақсатына жетуі мен болашақ өмірге ынталану қабілеттерін арттыру үшін оны тұлға ретінде дамытуға ерекше назар аудару қажет екендігі ескерілді. Ұйымдастырушылар оқушыларға қызықты тапсырмалар мен тиімді кеңестер бере отырып, жақсы психологиялық ахуал қалыптастырды. 
Оқушылар кеңес-тренингті ұйымдастырған сынып жетекшілері Нурмаганбетова Мадина мен Ахметова Жадыра және лицейдің педагог-психологы Шолпан Асиловаға алғыстарын білдірді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: