«Ерте жүктіліктің алдын алу» атты қыздар жиналысы өткізілді . » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Ерте жүктіліктің алдын алу» атты қыздар жиналысы өткізілді .
23
апрель
2021

«Ерте жүктіліктің алдын алу» атты қыздар жиналысы өткізілді .

178 мамандандырылған лицейде 2021 жылдың 22 сәуір күні директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Дуйсенбекова Мақпал Пәрімбекқызының ұйымдастыруымен, лицей медбикесі Әлайдарова Әсел Айдарқызының үйлестіруімен, 7-11 сынып қыздарының қатысуымен онлайн режимінде Қазақстан Республикасындағы адамгершілік жыныстық тәрбие жөніндегі тұжырымдама аясында «Ерте жүктіліктің алдын алу» атты қыздар жиналысы талапқа сай өткізілді .
Онлайн режимінде өткізілген адамгершілік-жыныстық тәрбие жұмысына, Алматы қаласы №29 емхананың акушер-гинеколог мамандары Кадырбаева Галия Култаевна мен Устемирова Ляззат Мырзагалиевна, лицейдің педагог - психологтары Ш.Асилова мен Г.Жамалова қатысты .
№29 емхананың акушер-гинеколог маманы Кадырбаева Галия Култаевна сөз алып, «Ерте жүктіліктен қалай сақтануға болады? Ерте жүктілік немен қауіпті?, - деген сауал төңірегінде ой қозғап, 7-11 сынып қыздарымен пікір алмасты. Жасанды түсік — болашақта бала сүю мүмкіндігін төмендететіні, яғни бедеулікке апарып соқтыратыны, жасанды түсік жасататын қыздардың 30 пайызы онкологиялық , гинекологиялық ауруларға шалдығатыны туралы айтып өтті.
Лицейдің педагог-психологі Ш.Асилова сөз алып, қыз балаларда өтпелі жас кезеңі басталып, гормондық қайта құрылу жүреді . Көптеген отбасында әңгіме қозғалмай , жабық күйде қалады . Бірақ , бұл - дұрыс еместігін айтып өтті.
Қоғамның дамуы мен мемлекеттің өркендеуі - келешек аналар қолында , қыз баланың тәрбиесіне де байланысты .

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: