“The Famous English Writers” тақырыбында онлайн сыныптан тыс сабақ өткізілді. » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “The Famous English Writers” тақырыбында онлайн сыныптан тыс сабақ өткізілді.
23
апрель
2021

“The Famous English Writers” тақырыбында онлайн сыныптан тыс сабақ өткізілді.

"Оқуға құштар Мектеп" жобасы аясында және ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай "Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына - 30 кітап" акциясы шеңберінде танымал қаламгерлердің өрнегі мол шығармаларын насихаттау, жастардың кітап оқуға құлшынысын арттыру мақсатында №178 мамандандырылған лицейдің ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері Гүлнар Ильясова мен Жанар Суртаеваның ұйымдастыруымен 7 – сынып оқушылары арасында сәуірдің 23 -і күні “The Famous English Writers” тақырыбында онлайн сыныптан тыс сабақ өткізілді. Іс-шара барысында атақты ағылшын жазушылары туралы дерек видео роликтер көрсетіліп таныстырылды. Оқушылар сүйікті жазушыларының өмірбаяны және еңбектері туралы айтты.Сабақты қорытындылай келе, жазушылардың өмір жолдары және еңбектері жайлы Kahoot арқылы ойын ұйымдастырылды. Бұл ойында өзінің білімімен, жылдамдылығымен 1 – орын Тоғжан Балтаева, 2 – орын Туғанбай Лилия, 3 – орын Жаңабай Аружан ие болып, марапатталды. Сабақ барысында қысқа уақыт ішінде көптеген мәліметтер қамтылды.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: